2012 жылғы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 2-13 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 сәуірде № 1-14-178 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 196 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 196 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Атау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012.07.27 № 7-51 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережелерін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Зеренді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012.07.27 № 7-51 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссиясына жүктелсін (төрағасы Таласбаева Әлия Аманжолқызы).
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В.Соболев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады