Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 37/5-5 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 мамырда № 1-17-175 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 98/14-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 14 ақпандағы № 230/35-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-49 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 наурызда аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған);
      «Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 230/35-3 «Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 мамырдағы № 61/9-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдеде аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған);
      «Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 230/35-3 «Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсанындағы № 87/15-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-80 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қаңтарында аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Б.Ибраев

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      Келісілді

      Целиноград ауданының әкімі                 А.Үйсімбаев

Целиноград аудандық мәслихатының
2012 жылғы 3 мамырдағы   
№ 37/5-5 шешімімен бекітілген

Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Целиноград ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну төлемін;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына төлеуге берiледi;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.11.26 № 70/9-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.11.26 № 70/9-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      Пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, осының өзінде отынның нормасы бір рет есептеледі.
      Отын шығынына айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек.
      Көмірдің құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсан бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.11.26 № 70/9-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Жанұяға газ баллонды сатып алу үшін айына 1000 теңге көлеміндегі сома белгіленеді.
      5. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленеді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      7. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес, ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      8. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттары қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) коммуналдық қызметтерді пайдаланудың есеп-шоттары;
      7) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.11.26 № 70/9-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 9 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      11. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 9 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
      12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      13. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімді «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жағдайда шығарады:
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 7 пайыз шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса.
      15. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
      17. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда, сот арқылы қайтарылады.
      18. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Целиноград аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      19. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады