Бурабай ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № А-6/328 қаулысы. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 шілдеде № 1-19-233 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № а-9/537 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 25.08.2014 № а-9/537 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бурабай ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Күшін жоғалтқан деп танылсын:
      1) «Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/32 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-123 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы 9 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2008 жылғы 28 ақпандағы 11 нөмірінде жарияланған).
      2) «Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/32 «Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № а-11/478 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-19-213 нөмірмен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 6 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы 55 нөмірінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                         Ә.Ғазиз

Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Бурабайском районе

Постановление акимата Бурабайского района Акмолинской области от 19 июня 2012 года № А-6/328. Зарегистрировано Управлением юстиции Бурабайского района Акмолинской области 10 июля 2012 года № 1-19-233. Утратило силу постановлением акимата Бурабайского района Акмолинской области от 25 августа 2014 года № а-9/537

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бурабайского района Акмолинской области от 25.08.2014 № а-9/537 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
       В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 3) пункта 2 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», Стандартом государственной услуги «Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому», утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, акимат Бурабайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Оказать социальную помощь детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому – ежеквартально в размере 6 месячных расчетных показателей на каждого ребенка-инвалида в Бурабайском районе.
       2. Признать утратившими силу:
      1) постановление акимата района от 23 января 2008 года № А-1/32 «Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Щучинском районе» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1-19-123, опубликованное в районной газете «Луч» от 31 января 2008 года № 9, районной газете «Бурабай» от 28 февраля 2008 года № 11);
      2) постановление акимата района от 25 ноября 2011 года № А-11/478 «О внесении изменений в постановление акимата Щучинского района от 23 января 2008 года № А-1/32 «Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Щучинском районе» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1-19-213, опубликованное в районной газете «Луч» от 19 января 2012 года № 6, районной газете «Бурабай» от 29 декабря 2011 года № 55).
       3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района М.Б. Нурпанову.
       4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Бурабайского района                        Ә.Ғазиз