"Орқаш" жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 354 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада № 3441 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.07.2014 № 216 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1024-баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысына және «Орқаш» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құруға арналған жер учаскесін 2012 жылғы 4 маусымдағы тексеру актісі негізінде Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫхЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданы аумағында қоса беріліп отырған жер учаскесінің жоспарына (сызбасына) сәйкес шекара мен көлемде «Орқаш» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін 33 395 гектар көлемінде жер учаскесі резервке қалдырылсын.
      2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (Ә.Е. Үсенғалиев):
      «Орқаш» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалына резервке қалдырылған мемлекеттік орман қоры жерлері учаскелерінде, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы орман кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын;
      осы қаулыны басқарманың интернет-қорында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                              А. Мұхамбетов 

Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 354 қаулысына қосымша

Жобаланып отырған «Орқаш» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің
Жоспары (сызбасы)

272 – «Темір орман шаруашылығы» ММ;
217- «Орқаш» ЖШС;
263 – Жұбанов ауылдық округының жерлері;
170 – «Рысбек» шаруа қожалығы;
495 - «Дархан» шаруа қожалығы;
583 - «Нұрболат» шаруа қожалығы;
581 - «Тірлен» шаруа қожалығы;
208 – «Бірлен - Д» ЖШС;
347 - «Жаңаберген» шаруа қожалығы;
288 - «Ерлан» шаруа қожалығы;
286 - «Елубай» шаруа қожалығы;
258 – Ащысай ауылдық округының жерлері;
273 – Қордағы жерлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады