Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 3475 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.11.2019 № 462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 31.12.2015 № 488 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бекітілген жобаның негізінде, ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.11.2019 № 462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдеріне тапсырсын.

      3. Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Алға мен Мәртөк аудандарының әкімдеріне және пайдалануында құжаттаманы ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшыларына олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан:

      бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізу;

      олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимінің сақталуын, сондай-ақ су қорғау белгілерінің сақтығын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.11.2019 № 462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалуды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Үсенғалиев Ә.Е.) осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 қаулысына қосымша

Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.11.2019 № 462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      авиациалық - химиялық жұмыстар жүргізілмейді;
      өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы химиялық құралдар қолданылмайды;
      топырақтарды тыңайту үшін көң ағындары пайдаланылмайды;
      улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар және жанар-жағар май материалдары қоймалары, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдары, мал шаруашылығы кешендері мен фермалары, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын үю және көму орындары, молалар мен малкөмінділері, сарқынды сулар жинағыштар орналастырылмайды;
      көң және қоқыс жинақталмайды;
      техникалық қызмет көрсету пунктерінде, автомобильдерге, тракторларға және басқа да машиналар мен механизмдерге отын құйылмайды, оларды жуу және жөндеу жүргізілмейді;
      су қорғау аймақтары 100 метрден кем болған және іргелес жатқан аумақ баурайының тіктігі 3 градустан асқан кезде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер орналастырылмайды;
      көлік құралдарының тұрақтары, соның ішінде олар саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердің аумақтарында да орналастырылмайды;
      басты мақсатта ағаш кесілмейді;
      (жергілікті атқарушы органдардың және су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органдардың келісімінсіз ғимараттарды, имараттарды, коммуникациялар мен басқа нысандарды реконструкциялау, пайдалы қазбалар өндіру, жер қазу жұмыстарды және басқа жұмыстар жүргізілмейді.
      2. Су қорғау белдеулері шегінде мыналарға жол берілмейді:
      жүйелі түрде жер жыртылмайды, тыңайтқыштар пайдаланылмайды;
      шайылған топырақ үйінділері жиналмайды;
      мал жайылмайды және олардың жазғы лагерьлері (дәстүрлі суат орындарын қоспағанда) ұйымдастырылмайды;
      маусымдық стационарлық палаткалық қалашықтар орнатылмайды және жайластырылмайды;
      саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер жайғастырылмайды;
      жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және басқа құрылыстарға учаскелер бөлінбейді;
      арнайы мақсаттағы техниканы қоспағанда, автомобильдердің, тракторлардың және механизмдердің қозғалысына жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады