Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 128 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 сәуірде № 3-3-141 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 548 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012.12.28 № 548 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жастан 27 жасқа дейін мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаныңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамында бекітілсін:

      Алға ауданы әкімінің орынбасары,          Ағниязов
      комиссия төрағасы                   Нурхан Сабыржанович

      Алға ауданы қорғаныс                    Кусмамбетов
      істері жөніндегі бөлім              Серик Жексенбаевич
      бастығы, комиссия
      төрағасының орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Алға аудандық ішкі істер бөлімі          Султанов
      бастығының орынбасары              Алтай Жарылкасынович

      Алға аудандық орталық                    Каликова
      ауруханасы бас дәрігерінің         Нуржамал Татархановна
      оырнбасары, медициналық
      комиссиясының аға дәрігері

      Алға аудандық орталық                   Бахитжанова
      ауруханасының медбикесі,           Жамиля Бектурсиновна
      комиссия хатшысы

      3. «Алға аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн 2 адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;
      2) шақырудан бас тартқан мерзімді әскери қызметті өтеуден жалтарған азаматтарды және оларды Алға ауданының шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыруды ұйымдастырсын;
      3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын.
      4. «Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан әкіміне 2012 жылдың 30 маусымы мен 30 желтоқсанында шақыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С. Ағниязовқа және «Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ж. Кусмамбетовке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі               Қ. Сарсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады