2012 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 31 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 мамырда № 3-6-139 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 03-14/18 хатымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2013.01.15 № 03-14/18 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс icтey және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруына «Қарғалы аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                    хатшысы

          Ж.Мұстафина                      Х.Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады