Ащылысай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда № 3-6-144 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округінің әкімінің 27.05.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімінің қазақ тіліндегі мәтіні бойынша "селосы" сөзі "ауылы" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі әкімінің 18.10.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ащылысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі әкімінің 18.10.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ащылысай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:

      Ащылысай ауылы:

      Бауыржан Момышұлы көшесі;

      Панфилов көшесі;

      Қазақстан көшесі;

      Тың көшесі;

      Мектеп көшесі;

      Абай көшесі;

      Бейбітшілік көшесі;

      Жамбыл көшесі;

      Бозтөбе ауылы:

      В. Жука көшесі;

      Достық көшесі;

      Аққөл ауылы:

      Достық көшесі;

      Қыз Жібек Төлеген көшесі;

      Ш. Уәлиханов көшесі;

      Шернияз көшесі;

      Қобланды көшесі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Ащылысай ауылдық округі аппаратының бас маманы Е.Исмағүловқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ащылысай ауылдық
      округінің әкімі Н. Қонсбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады