Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 тамыздағы № 31 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 тамызда № 3-8-157 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 102 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Халықаралық балаларды қорғау күніне, кәмелетке толмаған (18 жасқа дейінгі) балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына – 20 000 (жиырма мың) теңге;
      Халықаралық қарттар күніне, базалық зейнетақыны қосқанда ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге – 10 000 (он мың) теңге.
      2. Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде аудандық бюджет қаражаты есебінен алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.
      3. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.А.Алматбаева) осы шешімнің жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
      4. Аудандық мәслихаттың «Ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткелерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 219 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-128, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған), «Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-127, 2011 жылғы 17 наурыздағы «Мәртөк тынысы» газетінің № 14 жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                   хатшысы

          Н.Хусаинова                      А.Смағұлов

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Мартукского района

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 9 августа 2012 года № 31. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 августа 2012 года № 3-8-157. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 25 декабря 2013 года № 102

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 25.12.2013 № 102.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь к праздничным датам отдельным категориям нуждающихся граждан, проживающим на территории Мартукского района, в нижеследующем размере:
      к Международному дню защиты детей, семьям из числа получателей государственной адресной социальной помощи, имеющим несовершеннолетних (до 18 лет) детей – 20000 (двадцать тысяч) тенге;
      к Международному дню пожилых людей, пенсионерам, получающим совместно с базовой пенсией минимальную и ниже минимальной пенсии – 10000 (десять тысяч) тенге.
      2. Единовременная социальная помощь оказывается в денежной форме за счет средств районного бюджета, путем перечисления на лицевые счета получателей.
      3. Государственному учреждению «Мартукский районный отдел занятости и социальных программ» (Алматбаева Г.А.) обеспечить реализацию настоящего решения (по согласованию).
      4. Признать утратившими силу решения районного маслихата «Об оказании социальной помощи пенсионерам, получающим пенсию ниже минимальной» от 3 февраля 2011 года № 219 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-8-128, опубликованное 17 марта 2011 года в газете «Мәртөк тынысы» № 14), «Об оказании социальной помощи малообеспеченным семьям» от 3 февраля 2011 года № 220 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-8-127, опубликованное 17 марта 2011 года в газете «Мәртөк тынысы» № 14).
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

      Председатель сессии                Секретарь районного
      районного маслихата                     маслихата

         Н.Хусаинова                         А.Исмагулов