2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қаңтарда № 3-9-161 тіркелді. Орындалу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2012 жылғы 2 қазандағы № 2334 хатымен

      Ескерту. Орындалу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2012.10.02 № 2334 Хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережені бекiту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Мұғалжар ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      2. Ұсынылсын:
      1) «Мұғалжар аудандық емханасы» және «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін.
      2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      3. Қалалар мен ауылдық округтерінің әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскерге шақыру жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      4. «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. Тіркеу нәтижесі туралы 2012 жылдың 11 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарласын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.
      6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Мұғалжар ауданының әкімі                    С.Шаңғұтов

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Решение акима Мугалжарского района Актюбинской области от 13 января 2012 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 23 января 2012 года № 3-9-161. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Мугалжарского района Актюбинской области от 2 октября 2012 года № 2334)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Мугалжарского района Актюбинской области от 02.10.2012 № 2334).

       В соответствии со статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года за № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года за № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан» РЕШИЛ:
      1. В период с января по март 2012 года организовать и обеспечить проведение приписки к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Мугалжарского района» граждан мужского пола 1995 года рождения, которым в год приписки исполняется 17 лет, а также граждан старших возрастов не прошедших ранее приписку проживающих постоянно или временно на территории Мугалжарского района.
      2. Рекомендовать:
      1) государственным коммунальным казенным предприятиям «Мугалжарская районная поликлиника» и «Эмбенская районная больница» (по согласованию) провести мероприятия по приписке.
      2) государственному учреждению «Отдел внутренних дел Мугалжарского района» (по согласованию) осуществлять розыск и задержания лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности.
      3. Акимам городского и сельских округов в период проведения приписки организовать оповещание допризывников и призывников, обеспечить своевременное их прибытие.
      4. Начальнику государственного учреждения «Отдел по делам обороны Мугалжарского района» (по согласованию) принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку. О результатах приписки информировать акима к 11 апреля 2012 года.
      5. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Курмашева Ж.
      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким Мугалжарского района                   С.Шангутов