2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 66 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 3-10-163 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 04-2/62 хатымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2013.01.10 № 04-2/62 Хатымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылысын.
      4. Ұсынылсын:
      1) «Темір аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) «Темір аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      5. Қалалық, кенттік, селолық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      6. «Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Сарсенбаев) аудан әкіміне 2012 жылдың 5 шілдесіне және 2013 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      7. Осы қаулының оындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С.Қалауовқа және «Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Ө.Сарсенбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                            Б. Қаниев

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 30.03
№ 66 қаулысына
қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізіледі - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2012.09.18 № 241 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) Қаулысымен.

Қалауов                 -Темір ауданы әкімінің орынбасары,
Нұржауған Серікұлы       комиссия төрағасы

Сарсенбаев              -Темір аудандық қорғаныс істері
Нұрболат Өтеуұлы         жөніндегі бөлімінің бастығы,
                         комиссия төрағасының орынбасары

Төлеуов                 -Темір аудандық ішкі істер
Асхат Сегізбайұлы        бөлімінің бастығының орынбасары

Дәулетова               -Темір аудандық орталық
Жансәуле Рәшқызы         аурухананың бас дәрігерінің
                         орынбасары, медициналық
                         комиссияның төрағасы

Кушбаева                -Темір аудандық орталық
Гүлнар Ізғалиқызы        аурухананың мейірбикесі,
                         комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады