2012 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 24 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 мамырда № 3-11-112 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 10 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 14.02.2013 № 10 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазқстан Респуликасының 2005 жылғы 8 шідедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілетін болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету «Ойыл аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат               Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:                   хатшысы:

           Е.Жиеналин                       Б.Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады