Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort" кешенінің аумағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 241 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 06 қыркүйекте N 2102 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39-бабының 2) тармақшасына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort" кешенінің аумағында Солдатская щель өзені мен Безымяный жылғасының бойына су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (С. Жухаев) бекітілген жобасының негізінде, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort" кешенінің аумағында Солдатская щель өзені мен Безымяный жылғасының бойына су қорғау аймақтары мен белдеулері шеңберінде шаруашылықта пайдалану режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Алматы облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы (Б.И. Жүнісов) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен (Ж. Ы.Умаров келісім бойынша) бірлесе отырып, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкiмi                     А. Мұсаханов

Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 27 шілдедегі
"Алматы облысының Талғар
ауданындағы "Akbulak Club Resort"
кешенінің аумағында су қорғау
аймақтары мен белдеулерін және
оларды шаруашылықта пайдалану
режимін белгілеу туралы"
241 қаулысына
1-қосымша

Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort"
кешенінің аумағында Солдатская щель өзені мен Безымяный
жылғасының бойына орналасқан су қорғау аймақтары мен
белдеулерінің ені

N п/п

Су объектілері

Су қорғау
аймақтарының
ені, метр

Су қорғау
белдеулерінің
ені, метр

1

2

3

4

1

Солдатская щель өзені
(судың кемері орташа
көпжылдық деңгейін су
тасыған кезеңде жағалау
ернеуіне және суы
жайылған жер су қорғау
аймағы мен белдеулері
шекарасының ішіндегі)

500

35

2

Безымяный жылғасы (судың
кемері орташа көпжылдық
деңгейін су тасыған
кезеңде жағалау ернеуіне
және суы жайылған жер су
қорғау аймағы мен
белдеулері шекарасының
ішіндегі)

500

35

Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 27 шілдедегі
"Алматы облысының Талғар
ауданындағы "Akbulak Club Resort"
кешенінің аумағында су қорғау
аймақтары мен белдеулерін және
оларды шаруашылықта пайдалану
режимін белгілеу туралы"
241 қаулысына
2-қосымша

Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort"
кешенінің аумағында Солдатская щель өзені мен Безымяный
жылғасының бойына су қорғау аймақтары мен белдеулерін
шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Осы режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, жер үсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарға сәйкес және бекітілген жобалар негізінде әзірленді.
      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге.
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстар және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға.
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге).
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдарының тұрақтарын, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға.
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
      3. Су қорғау аймақтарының шегінде:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға.
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға.
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне.
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға.
      7) концентрациясының пайдалану шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады