"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 318 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 15 қарашада N 2191 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы N 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 02.06.2014 N 196 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы N 976 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау облыс әкімінің орынбасары С.М.Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

      Енгізуші:

      Облыстық мәдениет
      басқармасының бастығы                      Есдәулетов Рахмет Разбекұлы
      16 қазан 2012 жыл

      КЕЛІСЕДІ:

      Облыс әкімінің
      бірінші орынбасары                         Баталов Амандық Ғаббасұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімінің орынбасары                  Досымбеков Тынышбай Досымбекұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімінің орынбасары                  Мұқанов Серік Мейірханұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімінің орынбасары                  Тұрдалиев Серік Мелісұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімінің орынбасары                  Бескемпіров Серікжан Іслямұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыстық қаржы
      басқармасының бастығы                      Қасымов Сырым Қасымұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыстық экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      Сатыбалдина Нәфиса Төлекқызы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімі аппаратының
      заң, мемлекеттік құқық
      бөлімінің меңгерушісі                      Қалиев Рустам Төлендіұлы
      16 қазан 2012 жыл

      Облыс әкімі аппаратының
      жалпы бөлімінің меңгерушісі                Әукенова Гүлнар Әсемғалиқызы
      16 қазан 2012 жыл

Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 16 қазандағы
N 318 қаулысына қосымша

"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар;
      2) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;
      3) басқарма – Алматы облысының мәдениет басқармасы;
      4) регламент – "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акті;
      5) қорытынды – әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетілетін мәдени құндылықтың түпнұсқалығы туралы сараптама нәтижесі жазылатын белгіленген үлгідегі құжат;
      6) сараптама комиссиясы – Алматы облысы мәдениет басқармасының мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі комиссиясы;

2. Жалпы ережелер

      2.1. Осы регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) стандартын бекіту туралы" N 976 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2.2. Басқарма атауы: "Алматы облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      2.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" N 447 қаулысының негізінде жүзеге асырылды.
      2.5.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басқарманың әкетілетін мәдени құндылық затының болуы туралы қорытындыны беруі (бұдан әрі - қорытынды) немесе қорытындыны беруден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      Қорытынды осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасымалдағышта жазбаша түрде ресімделеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      3.1. Мемлекеттік қызмет басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күндері) күн сайын көрсетіледі, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      3.2. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оның көрсетілу барысы туралы ақпарат мәдениет басқармасының веб-сайтында орналастырылады: www.zhetysu-gov.kz.
      3.3. Осы регламентпен қарастырылған құжаттардың тұтынушыда толық болмауы Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      3.4. Қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      1–ші кезең – ұйымдастыру жұмыстары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімінде тұтынушының қажетті құжаттары мен заттарын тіркеу;
      2–ші кезең – басқарма бастығының орындаушыны, сараптама жүргізу орны мен уақытын анықтауы;
      3–ші кезең – талдау және мониторинг, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі бас маманының сараптама комиссиясына сараптама жүргізу үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы;
      4–ші кезең – әкелінетін және әкетілетін заттың олардың мәдени құндылыққа сәйкестігін анықтау мақсатында сараптау комиссиясының сараптама жүргізуді жүзеге асыруы;
      5–ші кезең – басқарманың мөрімен қорытындыларды бекіту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындаушының жүзеге асыруы, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беру.
      3.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесі негізінде жұмыс күнінің ішінде бір адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекет ету (өзара
әрекет ету) тәртібін сипаттау

      4.1. Тұтынушы (немесе сенім хат бойынша өкіл) мемлекеттік қызмет алу үшін ұйымдастыру жұмыстары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімінің қызметкерлері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізім бойынша қабылдайтын құжаттар мен заттарды басқармаға тапсырады. Ұйымдастыру жұмыстары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімі құжаттар мен заттарды тиісті талаптарға сай нөмірін, күнін және тіркеу мөртабаны бар парақтар санын, бақылау белгілерін көрсете отыра ресімдейді және тіркейді. Тұтынушы басқарманың ұйымдастыру жұмыстары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімінің тіркеу мөртабаны бар (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесін алады.
      4.2. Тұтынушы (немесе сенім хат бойынша өкіл) басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы регламенттің 1-ші немесе 2-қосымшаларына сәйкес өтініш;
      2) жеке тұлға үшін – тұтынушының нотариалды куәландырылған жеке басын растайтын құжатының көшірмесі;
      заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) мәдени құндылықтарды табудың мақсаттары мен шарттары туралы тараптар қабылдайтын шарттың көшірмесі;
      4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оның құрамдас бөліктерінің 10x15 сантиметр мөлшеріндегі фотосуреті;
      5) мәдени құндылыққа меншік құқығын куәландыратын құжат;
      6) ұйым басшысының уақытша әкету кезеңінде (заңды тұлғалар үшін) мәдени құндылықтардың сақталуына белгілі тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы бұйрығы;
      7) сараптама жүргізуге жататын мәдени құндылық ретінде қарастырылатын заттар.
      4.3. Мемлекеттік қызмет тегін жүзеге асырылады.
      4.4. Тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар мен заттар басқарма басшысына тапсырылады, одан кейін орындаушыға беріледі. Оларды алу мүмкіндігіне қарай орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама жүргізу үшін сараптама комиссиясына жіберуді жүзеге асырады.
      Сараптама жүргізудің орны мен уақыты: "Алматы облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Абая көшесі, 241-үй, 501 кабинет, телефоны: 8 (7282) 40-05-40; электронды пошта адресі: kultura-tald@mail.ru: жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күндері), үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Сараптама комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша қорытынды екі данада ресімделеді, олардың әрқайсысына комиссия төрағасы қол қояды және заттармен бірге орындаушыға беріледі.
      Қорытынды мен заттарды алғаннан кейін орындаушы қорытындыны басқарма мөрімен бекітеді және бір данасын затымен бірге тұтынушыға тапсырады.
      Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясында мерзімсіз сақтауға қалдырылады.
      Тұтынушыға қорытынды мен заттарды тапсыру қорытындыларды беру журналында тіркеледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі

      5.1. Қабылданатын шешім, әрекеті (әрекетсіздігі) немесе мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің орындалмауы үшін басқарма басшысы жауапты болып табылады.
      5.2. Басқарма басшысы, орындаушы, сондай-ақ сараптама комиссиясы төраға тұлғасында тұтынушы ұсынған құжаттар мен заттардың сақталуына (олардың жоғалып қалуы немесе бүлініп қалу жағдайына) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жауап береді.

"Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының
болуы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша

Алматы облысы мәдениет басқармасының Мәдени құндылықтарды әкелу
және әкету жөніндегі сараптама комиссиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

      Талдықорған қаласы                    20____ ж. "__" _________

      1. Өтініш беруші _____________________________________________
                         (А.Ж.Т немесе заңды тұлғаның атауы)
      2. Азаматтығы: паспортының немесе жеке куәлігінің нөмірі "___"  "___" жылы “_____” ______ берілген заңды тұлғаның деректемелері ____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің кәсібі____________________________________
                                              (қызметі)
      4. Затты әкету (уақытша әкету) _______________________________
мақсаты:____________________________________________________________
      5. Сараптамаға ұсынылды (жазбаша саны, орындау техникасын, дайындау материалын, көлемін, салмағын, дайындау уақытын көрсетумен сипаттамасы және т.б)_______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды___________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (мәдени құндылығының бар/жоғы)

      Сараптама комиссиясының төрағасы______________________(А.Ж.Т.)
      Комиссия мүшелері: ___________________________________(А.Ж.Т.)
________________________ (А.Ж.Т.)
      М.О.

"Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының
болуы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша
(Жеке тұлғалар үшін үлгі)

Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беруге өтініш

      Өтініш берушінің А.Ж.Т._______________________________________
      Туған күні: __________________________________________________
     Азаматтығы:____________________________________________________
      Тіркелген орны: ______________________________________________
      Іс жүзінде тұратын жері: _____________________________________
      Байланыс телефоны: ___________________________________________
      Ұсынылған затқа меншік құқығының туындау негізі: _____________
____________________________________________________________________
      Заттың сипаттамасы: __________________________________________
      Затты әкету мақсаты: _________________________________________
      Затты тасымалдау шарты: ______________________________________
      Заттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу мерзімі:____________________________________________________________
      Құжаттар мен заттардың тізімі (осы регламенттің 13-тармағына сәйкес):
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________

Өтініш берушінің қолы _____________________________________________
Өтініш берілген күні ______________________________________________

"Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының
болуы туралы қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
3-қосымша
(Заңды тұлғалар үшін)

Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беруге өтініш

Заңды тұлғаның атауы:________________________________________________
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, байланыс телефондары, СТН, БСН):_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Астаналық филиал (мекенжайы, байланыс телефондары, есепке алу туралы куәлігінің нөмірі және берілген күні)_______________________________
Ұсынылған затқа меншік құқығының туындау негізі: ___________________________________________________________________
Заттың сипаттамасы: ________________________________________________
Затты әкету мақсаты: ________________________________________________
Затты тасымалдау шарты:______________________________________________
Заттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу мерзімі: _____________________________________________________________________
Құжаттар мен заттардың тізімдемесі (осы регламенттің 13-тармағына сәйкес):
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
6.___________________________________________________________________
7.___________________________________________________________________

Қолы ______________________________________________________________
(бірінші басшы, немесе оның орнын ауыстыратын тұлға)
М.О. Өтініш берілген күн_________________________________________

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Постановление акимата Алматинской области от 16 октября 2012 года N 318. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 15 ноября 2012 года N 2191. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 02 июня 2014 года N 196

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 02.06.2014 N 196.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2010 года N 976 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета", акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить регламент государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Муканова С.М.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               А. Мусаханов

      Вносит:

      Начальник областного
      управления культуры                        Есдаулетов Рахмет Разбекович
      16 октября 2012 года

      СОГЛАСОВАНО:

      Первый заместитель
      акима области                              Баталов Амандык Габбасович
      16 октября 2012 года

      Заместитель акима области                  Досымбеков Тынышбай Досымбекович
      16 октября 2012 года

      Заместитель акима области                  Муканов Серик Мейрханович
      16 октября 2012 года

      Заместитель акима области                  Турдалиев Серик Мелисович
      16 октября 2012 года

      Заместитель акима области                  Бескемпиров Серикжан Ислямович
      16 октября 2012 года

      Руководитель аппарата
      акима области Карасаев                     Багдат Абильмажинович
      16 октября 2012 года

      Начальник областного
      управления финансов                        Касымов Сырым Касымович
      16 октября 2012 года

      Начальник областного
      управления экономики
      и бюджетного планирования                  Сатыбалдина Нафиса Толековна
      16 октября 2012 года

      Заведующий юридическим,
      государственно-правовым
      отделом аппарата акима области             Калиев Рустам Тулендиевич
      16 октября 2012 года

      Заведующий общим отделом
      аппарата акима области                     Аукенова Гульнар Асемгалиевна
      16 октября 2012 года

Приложение
к постановлению акимата
области N 318 от
16 октября 2012 года

Регламент государственной услуги "Выдача заключения о наличии
культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

1. Основные понятия

      1.1. В настоящем регламенте используются следующие понятия:
      1) культурная ценность – предмет культурного наследия светского и религиозного характера, а также иные ценности, имеющие историческое, художественное, научное или иное культурное значение;
      2) потребитель – физическое или юридическое лицо;
      3) управление – управление культуры Алматинской области;
      4) регламент – нормативный правовой акт, регулирующий внутренний порядок по государственной услуге "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета";
      5) заключение – документ, установленной формы, в котором изложены результаты экспертизы о наличии у вывозимого предмета культурной ценности и подлинности временно вывезенной культурной ценности;
      6) экспертная комиссия – комиссия по вывозу и ввозу культурных ценностей управления культуры Алматинской области;

2. Общие положения

      2.1. Настоящий регламент разработан в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2010 года N 976 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" (далее государственная услуга).
      2.2.Наименование управления: государственное учреждение "Управление культуры Алматинской области".
      2.3. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      2.4. Государственная услуга осуществляется на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2007 года N 447 "Об утверждении Правил проведения экспертизы культурных ценностей, вывозимых и ввозимых в Республику Казахстан".
      2.5. Результатом оказания государственной услуги является выдача управлением заключения о наличии у вывозимого предмета культурной ценности (далее - заключение), либо мотивированный ответ об отказе в выдаче заключения.
      Заключение оформляется в письменном виде на бумажном носителе согласно приложению 1 к настоящему регламенту.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      3.1. Государственная услуга оказывается ежедневно в соответствии с графиком работы управления, с 9.00 часов до 18.00 часов (кроме субботы, воскресенья и праздничных дней), перерыв с 13.00 часов до 14.00 часов.
      3.2. Информация о государственной услуге и ходе ее оказания размещается на веб-сайте управления культуры: www.zhetysu-.gov.kz.
      3.3. Основанием для приостановления или отказа в предоставлении государственной услуги является неполный пакет документов потребителя, предусмотренных настоящим регламентом.
      3.4. Этапы оказания государственной услуги по выдаче заключения:
      1–й этап – регистрация необходимых документов и предметов потребителя в отделе организационной работы и координации деятельности подведомственных организаций;
      2–й этап – определение начальником управления исполнителя, места и времени проведения экспертизы;
      3–й этап – осуществление главным специалистом отдела анализа и мониторинга, охраны историко-культурного наследия отправки документов и предметов на экспертизу в экспертную комиссию;
      4–й этап – осуществление экспертной комиссией экспертизы в целях определения его на соответствие культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета;
      5–й этап – осуществление исполнителем организационных мероприятий по скреплению заключений печатью управления, а также выдачи одного экземпляра заключения и предметов потребителю.
      3.5. Прием документов потребителя для оказания государственной услуги осуществляется одним лицом в течение рабочего дня на основании графика работы управления.

4. Описание порядка действий (взаимодействий) в процессе
оказания государственной услуги

      4.1. Для получения государственной услуги потребитель (либо представитель по доверенности) представляет в управление документы и предметы, которые принимаются сотрудником отдела организационной работы и координации деятельности подведомственных организаций по описи, указанной в заявлении потребителя. Соответствующие требованиям документы и предметы оформляются и регистрируются отделом организационной работы и координации деятельности подведомственных организаций с указанием номера, даты и количества листов в регистрационном штампе, с указанием признаков контроля. Потребитель получает копию заявления со штампом регистрации (входящий номер, дата) отдела организационной работы и координации деятельности подведомственных организаций управления.
      4.2. Потребитель (либо представитель по доверенности) представляет в управление следующие документы:
      1) заявление согласно приложениям 2 или 3 к настоящему регламенту;
      2) для физического лица - копия документа, удостоверяющего личность потребителя, заверенная нотариально;
      для юридического лица - копия свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, заверенная нотариально;
      3) копия договора принимающей стороны о целях и условиях нахождения культурных ценностей;
      4) фотография размером 10x15 сантиметров каждой культурной ценности или ее составляющих частей;
      5) документы, подтверждающие право собственности на культурные ценности;
      6) приказ руководителя организации о возложении ответственности на определенное лицо за сохранность культурных ценностей на период временного вывоза (для юридических лиц);
      7) предметы, рассматриваемые как культурные ценности, подлежащие экспертизе.
      4.3. Государственная услуга осуществляется бесплатно.
      4.4. Зарегистрированные, оформленные надлежащим образом документы и предметы передаются руководителю управления, которые в последующем передаются исполнителю. По мере их получения, исполнитель осуществляет отправку документов и предметов на экспертизу в экспертную комиссию.
      Место и время проведения экспертизы: государственное учреждение "Управление культуры Алматинской области", г.Талдыкорган, ул. Абая 241, 501 кабинет, телефон: 8 (7282) 40-05-40; адрес электронной почты: kultura-tald@mail.ru: график работы: ежедневно, с 9.00 часов до 18.00 часов (кроме субботы, воскресенья и праздничных дней), перерыв с 13.00 часов до 14.00 часов.
      По итогам работы экспертной комиссии оформляется заключение в двух экземплярах, каждое из которых подписывается председателем комиссии и передается вместе с предметами исполнителю.
      После получения заключения и предметов, исполнитель скрепляет заключения печатью управления и один экземпляр вместе с предметом выдает потребителю.
      Второй экземпляр заключения, а также пакет рассмотренных документов остаются в бессрочном хранении в экспертной комиссии.
      Выдача заключения и предметов потребителю регистрируется в журнале выданных заключений.

5. Ответственность должностных лиц, оказывающих государственные
услуги

      5.1. Ответственным за принимаемые решения, действия (бездействия) или срыв сроков предоставления государственной услуги является руководитель управления.
      5.2. Руководитель управления, исполнитель, а также экспертная комиссия в лице председателя несут ответственность за сохранность представленных документов и предметов потребителя (на случай их утраты или порчи) в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к регламенту государственной
услуги "Выдача заключения
о наличии культурной ценности
у вывозимого и ввозимого предмета"

Экспертная комиссия по вывозу и ввозу культурных ценностей
управления культуры Алматинской области
ЗАКЛЮЧЕНИЕ

г. Талдыкорган "____"                             __________ 20___г.
      1. Заявитель (Ф.И.О. или наименование юридического лица)_______
_____________________________________________________________________
      2.Гражданство: ________________________________________________
N паспорта или удостоверения личности: ______________________________
выданного "_____"______________ года
      реквизиты юридического лица____________________________________
      3.Профессия (занятие) заявителя _______________________________
      4.Цель вывоза (временного вывоза)______________________________
      5. Представлено на экспертизу (количество прописью, описание с указанием техники исполнения, материала изготовления, размера, веса, времени изготовления т.д.)________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заключение________________________________________________________________________________________________________________________________
             (имеет/либо не имеет культурную ценность)

      Председатель экспертной комиссии: _____________________(Ф.И.О.)

      Члены комиссии:________________________________________(Ф.И.О.)
      _______________________________________________________(Ф.И.О.)

М.П.

Приложение 2
к регламенту государственной
услуги "Выдача заключения
о наличии культурной ценности
у вывозимого и ввозимого предмета"
(Образец для физического лица)

Заявление на выдачу заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета

Ф.И.О. заявителя:___________________________________________________
____________________________________________________________________
Дата рождения (число, месяц, год):__________________________________
Гражданство: _______________________________________________________
Место прописки: ____________________________________________________
Место фактического проживания: _____________________________________
____________________________________________________________________
Контактный телефон:_________________________________________________
Основание возникновения права собственности на представленный предмет: __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Описание предмета:_________________________________________________
____________________________________________________________________
Цель вывоза предмета:_______________________________________________
Условия транспортировки предмета:___________________________________
____________________________________________________________________
Срок нахождения предмета за пределами Республики Казахстан:_________
____________________________________________________________________
Опись документов и предметов (согласно пункту 13 настоящего регламента):
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________
7.__________________________________________________________________
Подпись заявителя _________________________________________________
Дата подачи заявления ______________________________________________

Приложение 3
к регламенту государственной
услуги "Выдача заключения
о наличии культурной ценности
у вывозимого и ввозимого предмета"
(Образец для юридического лица)

Заявление
на выдачу заключения о наличии культурной ценности у вывозимого
и ввозимого предмета

Наименование юридического лица:____________________________________
__________________________________________________________________
Реквизиты юридического лица (адрес, контактные телефоны, РНН, БИН):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Столичный филиал (адрес, контактные телефоны, номер и дата выдачи  свидетельства об учетной регистрации)_____________________________
__________________________________________________________________
Основание возникновения права собственности на представленный предмет:
__________________________________________________________________
Описание предмета: _______________________________________________
__________________________________________________________________
Цель вывоза предмета: _____________________________________________
__________________________________________________________________
Условия транспортировки предмета: _________________________________
Сроки нахождения предмета за пределами Республики Казахстан:_______
__________________________________________________________________
Опись документов и предметов (согласно пункту 13 настоящего регламента):
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________

Подпись____________________________________________________________
(первый руководитель, либо лицо, его заменяющее)

М.П.
Дата подачи заявления _______________________________