"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет регламентін бекiту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 421 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 21 қаңтарда N 2285 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 02.06.2014 № 196 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 1036 және 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 1128 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтің регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.М.Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі                     А. Мұсаханов

Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
N 421 қаулысымен бекітілген

" Тұрғын үй көмегін тағайындау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1.Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:
      1) уәкілетті орган – ауданның, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
      2) кеңсе қызметкері- ауданның, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жеке тұлғаның құжаттарын қабылдап, тіркейді;
      3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы- лауазымдық қызметтер ережесіне сәйкес міндеттемелері жүктелген уәкілетті органның қызметкері;
      4) уәкілетті органның басшысы- аудандық, қалалық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімінің бастығы;
      5) ауылдық округтің әкімі- ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі;
      6) ХҚКО- халыққа қызмет көрсету орталығы;
      7) ХҚКО-ның инспекторы– халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтынушының өтініштерімен құжаттарын қабылдайды.
      8) ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы- халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері, құжаттарды қабылдап, арнайы комиссияның жұмысшы органына жібереді;
      9) call-орталық- ұялы орталық, 1414 телефоны бойынша мәлімет алуға да болады.

2.Жалпы ережелер

      2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан соң – Регламент) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес құрастырылды.
      3. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы регламенттің 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген – уәкілетті органдармен, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.
      4.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы 2-тармағының, "Ақпараттандыру туралы" және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1128 "Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру","Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы N 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      7. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге тұрғын-үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі- хабарлама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткізгіштегі жауап болып табылады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптар

      8.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік қызметтер" деген бөлімінде және осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының www.almoblsobes.kz интернет-ресурстарында, жергілікті атқарушы органдардың стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде, call-орталықта және Стандарттың 9,10 тармақтарында мәлімет орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі- мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 7 тармағына сәйкес көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім бермеуі- мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 14 тармағында енгізілген.
      11. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш алғаннан мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынғанға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      1) тұтынушы жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкеріне тиісті құжаттармен өтініш білдіреді;
      2) жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркеп, тұтынушыға түбіртек беріп (осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес), уәкілетті органның басшысына резолюция қою үшін және жауапты қызметкерді анықтау үшін жібереді;
      3) уәкілетті органның басшысы кіріс құжаттарды қарап, резолюция қойып, жауапты қызметкерге жібереді;
      4) жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтің тағайындалуы немесе қызметтің көрсетілмейтіндігі жөнінде хабарлама дайындап, қол қоюға басшыға жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметтің тағайындалуы немесе қызметтің көрсетілмейтіндігі жөнінде хабарламаға қол қояды;
      6) жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтің тағайындалуы немесе қызметтің көрсетілмейтіндігі жөнінде хабарламаны тұтынушының өзіне береді немесе пошта арқылы жіберіледі.
      Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш алғаннан мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынғанға дейінгі ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      1) тұтынушы ХҚКО-ның инспекторына өтініш білдіреді;
      2) ХҚКО-ның инспекторы тиісті құжаттарды тіркеп, осы регламенттің 5 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаға қолхат береді;
      3) ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жергілікті уәкілетті органның кеңсе қызметкеріне жібереді;
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-дан уәкілетті органға құжаттарды тасымалдау Сканерленген штрихкод арқылы бақыланады.
      Тиісті құжаттар мен өтініш уәкілетті органнан ХҚКО-ға күніне 2 рет курьер арқылы тасымалданады.
      4) уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО арқылы қабылданған құжаттарды тексеріп, ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне тіркеп, (уәкілетті органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) резолюция қою үшін және жауапты қызметкерді анықтау үшін уәкілетті органның басшысына жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы резолюция қойып, жауапты қызметкерді анықтайды;
      6) жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтің тағайындалуы немесе қызметтің көрсетілмейтіндігі жөнінде хабарлама дайындап, қол қоюға басшыға жібереді;
      7) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметтің тағайындалуы немесе қызметтің көрсетілмейтіндігі жөнінде хабарламаға қол қояды;
      8) уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторына тұтынушыға беру үшін хабарламаны жібереді;
      9) ХҚКО–ның жинақтаушы бөлімнің инспекторы хабарламаны инспекторға жібереді;
      Уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Сканерленген штрихкод арқылы бақыланады.
      10) ХҚКО–ның инспекторы қолхат негізінде жеке тұлғаға хабарлама жібереді;
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдайтын тұлғалардың минималды саны бір қызметкерді құрайды. ХҚКО-ға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдайтын тұлғалардың минималды саны екі қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекет ету (өзара
әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

      12. Жергілікті атқарушы органның қызметкері немесе ХҚКО–ның инспекторы тиісті құжаттарды тіркеп, қабылдайды.
      13. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 11 тармағына құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекет етеді (бұдан соң – ҚФБ):
      1) ХҚКО инспекторы,
      2) жинақ бөлімінің инспекторы,
      3) жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері,
      4) жергілікті атқарушы органның басшысы,
      5) жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері.
      16.Әрбір ҚФБ-тің әкімшілік іс-қимылдарының (процедураларының), мәтіндік кестелік бейнелеу сатылығы мен өзара әрекеттесу барысы әр әкімшілік іс-қимылдың (процедураның) орындалу мерзімін ескере отырып осы Регламенттің 6-қосымшасында көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-қимылдардың логикалық сатылығы мен ҚФБ-дің өзара әрекеттесуін көрсететін кестелер мен сызбалар осы Регламенттің 7-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың
жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жергілікті атқарушы органның басшысы жауапты болады.
      Жергілікті атқарушы органның басшысы мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзім аралығында орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша

Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с N

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң N), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақсу ауданы, Жансүгiров кентi, Желтоқсан көшесi, 5 korgan-53@mail.ru

8-72832 2-11-43

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңiс көшесi, 148 alaksob@mail.ru

8-72833 2-15-36

3

Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесi, 66 balhash_sobez@bk.ru

8-72773 9-14-25

4

Еңбекшiқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiқазақ ауданы, Есiк қаласы, Алматы көшесi, 112 sobesesik@mail.ru

8-72775 4-24-36

5

Ескелдi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ескелдi ауданы, Қарабұлақ кентi, Сәтпаев көшесi, 65 eskeldy_sobes@mail.ru

8-72836 3-00-62

6

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесi, 261 zhambyl.rotzszn@mail. оnline.kz

8-72770 2-22-60


7

Iле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Iле ауданы, Өтеген батыр кентi, Титов көшесi, 3 а Ili-sobes@mail.ru

8-72752 2-47-51

8

Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесi, 215 krozisp@mail.ru

8-72771 2-17-71

9

Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесi, 3 karatalsobes@mail.ru

8-72834 2-24-30

10

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесi, 261

8-72770 2-22-60

11

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентi, Мәметова көшесi, 3

8-72840 3-16-04

12

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көксу ауданы, Балпық би кентi, Мырзабеков көшесi, 38

8-72838 2-03-71

13

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесi, 23 panfil2005@mail.ru

8-72831 5-10-48

14

Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Момышұлы көшесi, 7 Raimbek_sobes@mail.ru

8-72777 2-11-34

15

Сарқант ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сарқант ауданы, Сарқант қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 117 sarkand_sobes@mail.ru

8-72839 2-14-91


16

Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Гагарин көшесi, 76 talrot@yandex.ru

8-72774 2-17-17

17

Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесi, 104 ygyr_sobes@mail.ru

8-72778 2-12-70

18

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесi, 2/3 KSobes@mail.ru

8-72772 4-15-74

19

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 35

8-7282 210491

20

Текелi қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Текелi қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 24

8-72835 4-23-95

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі

Р/с

N

Орталықтардың (филиалдардың, бөлімдердің, бөлімшелердің) атауы

Орналасқан жері

Байланыс деректері

"Алматы облысы бойынша ХҚКО" РМК филиалы

1.

"Алматы обылысның ХҚКО" РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67Б

8(7282)24-15-06
8(7282) 24-41-33

1)

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті. Қабанбай батын көшесі, 20

8 (72832) 2-14-51

2)

Қапал бөлімшесі

Капал ауылы, Алпысбаев көшесі, 3

8(72841) 2-17-60

3)

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 март көшесі, 63

8(72833) 2-35-46

8(72833) 2-35-48

4)

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237

8(72837) 4-13-85

5)

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 "А"

8(72773) 95-2-22

8(72773) 9-18-20

6)

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А

8(72775) 4-54-70
8(72775) 4-54-69

7)

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі, 100

8(72775) 2-34-96

8(72775) 2-34-97

8)

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52

8(72836) 3-22-16

9)

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі, 1

8(72770) 2-30-90

10)

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 25

8(727)251-74-46

8(727)251-74-47

11)

Боралдай бөлімшесі

Боролдай ауылы, Вокзальная көшесі, 6 "А"

8(72738) 7-82-42

12)

Қараой бөлімшесі

Қарай ауылы, Тыңдала көшесі, 9

8(7275) 24-88-10

13)

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29


14)

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелен қаласы, Жанғозин көшесі, 38

8(72771) 2-56-86

8(72771) 2-56-96

15)

Тау-Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті, Рысқұлов көшесі, 129

8(727) 391-38-58

16)

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы, Қонаев көшесі, 1 "В"

8(7272) 93-66-33

17)

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22

8(72834) 2-02-07

8(72834) 2-20-92

18)

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72840) 3-25-88

19)

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі, 45

8(72842) 9-10-59

20)

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10

8(72838) 2-16-19

8(72838) 2-16-18

21)

Капшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41

8(72772) 4-79-61

8(72772) 4-79-60

22)

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34

8(72772) 7-11-94

23)

Сарқан аудандық бөлімі

Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж

8(72839) 2-35-80

8(72839) 2-37-14

24)

Лепсі бөлімшесі

Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі,1

8(72843) 2-10-16

25)

Райымбек аудандық бөлімі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, н/ж

8(72777) 2-20-84

8(72777) 2-20-82

8(72777) 2-18-78

26)

Нарынқол бөлімшесі

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, н/ж

8(72779) 2-11-65

27)

Панфилов аудандық бөлімі

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, н/ж

8(72831) 5-51-11

28)

Талғар аудандық бөлімі

Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 "А"

8(727) 388-11-30

8(72774) 2-21-43

8(72774) 2-21-33

29)

Нұра бөлімшесі

Нұра ауылы, Школьная көшесі, 10

8(72774) 5-80-62

30)

Талдықорған қалалық бөлімі

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б

8(7282) 24-49-75
8(7282) 24-40-43

31)

Текелі қалалық бөлімі

Текелі қаласы, Октябрьская көшесі, 7

8(72835) 4-35-38

8(72835) 4-35-18

32)

Ұйғыр аудандық бөлімі

Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35

8 (72778) 2-43-35

8(72778) 2-43-31

8(72778) 2-43-32

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
3-қосымша

Мекеме хаттарының бланкі

_______________тұтынушының аты-жөні

__________________________мекен жайы

      _______(қала) ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Сізге тұрғын үй көмегі тағайындалғандығы туралы хабарлайды.

Бастық ___________аты-жөні

      қолы

Орын.аты – жөні, телефон нөмірі
 

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
4-қосымша

Тұтынушыға қызмет көрсету талоны

Құрметті___________________(қызмет көрсетілетін тұтынушының аты-жөні), 20__ жылдың "__" ________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданып, құжаттардың нөмірі ___ болып тіркелді.

Қабылдаған адамның аты-жөні________________
 

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
5-қосымша

Қолхат

      Қабылдаған құжаттың нөмірі мен мерзімі
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі
      Құжаттағы қосымшалардың атауы және саны
      Құжатты қайтарып беретін орны және уақыты
      Құжатты рәсімдеуге өтініш қабылдаған ХҚКО-ның инспекторының аты-жөні

" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
6-қосымша

Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралардың) сатылығы мен өзара
әрекеттесуінің сипаттамасы Жергілікті атқарушы органдарға тұтынушының жүгінуі кезіндегі
ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс көлемінің) әрекеті

әрекеттің (жұмыс көлемінің) N

1

2

3

ҚФБ-тің атауы

жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы

жергілікті атқарушы органның басшысы

жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы

Әрекеттің (процесстің, процедураның, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, тұтынушыға түбіртек беру, резолюция қою үшін құжаттарды басшыға жіберу

Құжаттармен танысу және оларды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына жіберу

Әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында құжаттарды тексеру

Орындау мерзімі

15 минут

30 минут

8 жұмыс күні

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Тұтынушыға хабарлама жіберу

Әлеуметтік көмектің көрсетілуіне немесе келісім бермеуіне құжаттарға қол қою немесе құжаттарды толықтыру үшін жауапты орындаушыға қайтарып беру

Түсініктемесі бар келісім бермеу жөнінде хабарлама немесе әлеуметтік көмекті алу жөнінде рәсімдеу

Орындау мерзімі


30 минут

30 минут

Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралардың) сатылығы мен өзара
әрекеттесуінің сипаттамасы Тұтынушының қызмет көрсету жөнінде ХҚКО-ға жүгінуі кезіндегі
ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі процестің (жұмыс көлемінің) әрекеті

әрекеттің (жұмыс көлемінің) N

1

2

3

ҚФБ-тің атауы

ХҚКО инспекторы

ХҚКО-ның жинақтаушы бөлім инспекторы

Уәкілетті органның кеңсесі

Әрекеттің (процесстің, процедураның, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Құжаттар жинау

ХҚКО-ның инспекторынан құжаттарды қабылдау

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Құжаттарды тіркейді және қолхат береді

Уәкілетті органға жіберу үшін реестр құру

Түскен құжаттарды тіркеу

Орындау мерзімі

20 минут

Күніне 1 рет

15 минут

Келесі іс-әрекет нөмірі

4

5

6

Негізгі процестің (жұмыс көлемінің) әрекеті

ҚФБ-тің атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

Әрекеттің (процесстің, процедураның, операцияның) атауы және сипаттамасы

Резолюция қою үшін уәкілетті органның басшысына жіберу

Жауапты қызметкердің анықталуы үшін корреспон- денциямен танысу

Түскен құжаттармен танысу, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұтынушының құқығын анықтау

Орындау мерзімі

30 минут

30 минут

7 жұмыс күні

Негізгі процестің (жұмыс көлемінің) әрекеті

әрекеттің (жұмыс көлемінің) N

7

8

9

ҚФБ-тің атауы

Жергілікті атқарушы жауапты қызметкері

Жергілікті атқарушы органның басшысы

Жергілікті атқарушы жауапты қызметкері

Әрекеттің (процесстің, процедураның, операцияның) атауы және сипаттамасы

Әлеуметтік көмектің көрсетілуіне немесе келісім бермеуіне құжаттарды рәсімдеу кезінде хабарлама дайындау және басшыға қол қоюға жіберу

Құжаттарға қол қояды немесе толықтау үшін қайтарып береді

Құжаттарды толықтыру, басшыға қол қоюға жіберу немесе әлеуметтік көмектің көрсетілуіне немесе келісім бермеуіне құжаттарды рәсімдеу кезінде хабарлама дайындау үшін кеңсеге жіберу

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні

20 минут

15 минут

Негізгі процестің (жұмыс көлемінің) әрекеті

әрекеттің (жұмыс көлемінің) N

10

11

12

ҚФБ-тің атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

ХКҚО-ның инспекторы


Әрекеттің (процесстің, процедураның, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды ХҚКО-на жіберу

Құжаттарды тұтынушыға жіберу


Орындау мерзімі

15 минут

20 минут


" Тұрғын үй көмегiн
тағайындау" мемлекеттiк
қызмет стандартына
7-қосымша

Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралардың) сатылығы мен өзара
әрекеттесуінің сипаттамасы Тұтынушының қызмет көрсету жөнінде уәкілетті органға жүгінуі
кезіндегі ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету

Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралардың) сатылығы мен өзара
әрекеттесуінің сипаттамасы Тұтынушының қызмет көрсету жөнінде уәкілетті органға жүгінуі
кезіндегі ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады