Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі N 27-933 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 20 қыркүйекте N 2126 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-640 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Талғат Қанатұлы Қайнарбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Марат Дарибекұлы Бопазов
      17 қыркүйек 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады