Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 146 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 маусымдағы N 303 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 18 маусымда N 2-4-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі N 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 13.09.2013 N 636 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 сәуірде 2-4-149 нөмірімен тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі N 17(9599) жарияланған) N 146 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-қосымшасында:
      көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссиясының құрамына:
      Жұманов Ержан Нұртілеуұлы – "Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Жетібаев Алмат Бекетайұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры                                  Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы
      06 маусым 2012 жыл

      "Ақсу аудандық ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сансызбаев Ерлан Қанатайұлы
      06 маусым 2012 жыл

      "Ақсу аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          Жұманов Ержан Нұртілеуұлы
      06 маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады