Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 3-116 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 12 сәуірде N 2-5-170 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 101 үй мекен-жайында орналасқан "Алакөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Қала, кент, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Куренкеев Сабыржан Жексембайұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәурен Орынбайұлы Қанағатовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Жақанбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алакөл аудандық Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы            Мейрембеков Ерен Оқасұлы
      19 наурыз 2012 жыл

      "Алакөл аудандық ішкі
      істер бөлімі" Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Куренкеев Сабыржан Жексембайұлы
      19 наурыз 2012 жыл

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы
      "Алакөл аудандық орталық
      ауруханасы" Мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры                                  Әбдіғалымов Марат Сәбетайұлы
      19 наурыз 2012 жыл

Алакөл аудан әкімдігінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
N 3-116 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Комиссияның төрағасы:

Дәурен Орынбайұлы Қанағатов

Алакөл аудан әкімінің орынбасары

Комиссия төрағасының орынбасары:


Ерен Оқасұлы Мейрембеков

"Алакөл аудандық Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы

Комиссия мүшелері:

Темірхан Әшімұлы Утепергенов

"Алакөл аудандық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының орынбасары

Баршагүл Қиықпайқызы Ниязова

Шаруашылық жүргізу құқығындағы
"Алакөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
директорының орынбасары,
медициналық комиссияның төрайымы

Комиссия хатшысы:

Лятай Сүлейменқызы Елубаева

Шаруашылық жүргізу құқығындағы
"Алакөл аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
медбикесі

Алакөл аудан әкімдігінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
N 3-116 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N

Қала,
кент,
ауылдық
округ
атаулары

Сәуір

Мамыр

Қазан

Қараша

9

13

16

20

23

27

30

4

11

14

18

21

28

31

1

5

8

12

17

24

31

5

9

12

16

19

23

30

1

Архарлы

+







+







+







+







2

Ырғайты


+







+







+







+






3

Ақтүбек



+







+







+







+





4

Бескөл




+







+







+







+




5

Достық





+







+







+







+



6

Енбекші






+







+







+







+


7

Жағатал







+







+







+







+

8

Жайпақ

+







+







+







+







9

Жанама


+







+







+







+






10

Қызылащы



+







+







+







+





11

Ынталы




+







+







+







+




12

Қамысқала





+







+







+







+



13

Қайнар






+







+







+







+


14

Үшарал


+


+



+


+


+



+


+


+



+


+


+



+

15

Ақжар

+







+







+







+







16

Жыланды


+







+







+







+






17

Тоқжайлау



+







+







+







+





18

Екпінді




+







+







+







+




19

Көлбай





+







+







+







+



20

Сапақ






+







+







+







+


21

Үшбұлақ







+







+







+







+

22

Лепсі




+







+







+







+




23

Теректі


+







+







+







+






24

Қабанбай



+


+





+


+





+


+





+


+



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады