Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 08 қазандағы N 784 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 30 қазанда N 2157 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 25 сәуірдегі 2-7-138 және "Атамекен" газетінің 2012 жылғы 9 мамырдағы N 18-нөмірінде жарияланған) N 285 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшаға:
      аудандық шақыру комиссиясының құрамына:
      Асылбеков Ержан Сансызбайұлы – "Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) енгізілсін;
      аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Жамауов Мекебек Жамауұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Жұмабек Тоқаұлы Чажабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Далабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады