Еңбекшіқазақ ауданының аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 13-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 13 желтоқсанда N 2242 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы N 25-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 21.12.2013 N 25-10 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданының аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      13-сессиясының төрағасы                    Ж. Мықыбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ә. Талқамбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Еңбекшіқазақ ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Айсина Қалдыгүл Оспанәліқызы
      05 желтоқсан 2012 жыл

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
"Еңбекшіқазақ ауданының аз
қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы" N 13-2 шешіміне
қосымша

Еңбекшіқазақ ауданының аз қамтамасыз етiлген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшері және тәртібі

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзiрлендi.

Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшерінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      3) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      4) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
      7) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      8) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Белгiленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн азаматтар жалпы негiздер бойынша төлейдi.
      Отбасының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасы табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары отбасының жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Отбасының жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Бұйрығының негізінде жүргізіледі.
      Күтiмге мұқтаж деп танылған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге күтiм жасайтын, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар (дәрігерлік сараптама негізінде) және үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды қоспағанда, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс iстемейтiн және жұмыссыз ретiнде уәкiлеттi органда тiркелмеген еңбекке қабiлеттi тұлғалары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды. Жедел әскери қызметтегілер отбасының құрамында есептелмейді.
      Тұрғын үй көмегі жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді қоспағанда, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      Өтiнiш берушi толық емес немесе шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген жағдайда тұрғын үй көмегiне ұсынылған құжаттары қабылданбайды.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтініш берген тоқсанға өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептелініп сол тоқсанға төленеді. Тұрғын үй көмегіне алғаш рет өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін және тәртібін айқындау

      Тұрғын үй көмегі – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып – қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн есептеу мерзiмi өтiнiшiмен қоса барлық қажеттi құжаттарды өткiзген жылдың тоқсаны болып саналады. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз сол тоқсанға тағайындалады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді. Үй иесінің жақын туыстары пәтер жалдаушы болып саналмайды.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға немесе тұрғылықты жеріндегі ауылдық округтің әкіміне өтінішімен қоса келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекен-жай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот;
      10) жеке меншігінде бір үйден артық үйі жоқ екендігі туралы анықтама – жылына бір рет ұсынылады.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның соңғы айының төлем түбіртектерін ұсынуы қажет.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті органы жоқ болған жағдайда өтiнiш берушi тұрғылықты мекен-жайы бойынша құжаттарды қалалық, ауылдық округтiң әкiмiне өткiзедi.
      Қала немесе ауылдық округтің әкімі өтініш берушінің құжаттарының көшірмелерін тексеріп қабылдайды, оларды тіркеуден өткізеді және өтініш берушіге құжаттарын қабылдағаны жөнінде растайтын құжат береді.
      Қала әкімі немесе ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдаған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн мерзiмнен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға өткiзедi.
      Уәкiлеттi орган өтiнiш берушінің өтінішін, оған қосымша құжаттарын және учаскелік комиссиялардың қорытындыларын қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде қарайды және тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады.
      Тұрғын үй көмегiн алушылар күнтізбелік он бес күн мерзiмінде уәкілетті органды көмек мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе алуға әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етедi.
      Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесi тоқсанда жүргiзiледi (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерiктi түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға тиiс.
      Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) электр энергиясын қолдану:
      -1 адамға – 80 киловатт
      -2 адамға – 160 киловатт
      -3 адамға 240 киловатт
      -4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 260 киловатт.
      2) сумен қамтамасыз ету күніне 1 адамға:
      - көше су құбырынан – 50 литр
      - су құбыры бар үйлер – 120 литр
      - су құбыры бар көп қабатты үйлер – 210 литр
      3) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон.
      4) көмір - жылына 4 тонна.
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шоттың негізінде.
      Электр мен газдың бағасы белгіленген тәртіпте бекітілген тариф бойынша қолданылады.
      Сумен қамтамасыз ету тарифы әр қала, селолардағы қызмет берушілердің бағасына сәйкес қолданылады.
      Көмір төлемінің тарифін аудан әкімі бекітеді.
      Тұрғын үй көмегiн төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екiншi деңгейлi банктердiң бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.

Қорытынды

      5. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады