Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі N 3-352 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 сәуірде N 2-10-156 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 Қаулысына сәйкес Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, № 30 үй мекен–жайында орналасқан "Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Кенттік, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Іле аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Құсайнов Мақсат Болатұлына (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
      7. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Аудан әкімі

Б. Абдулдаев

   


Іле ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 05 сәуірдегі
"Қазақстан Республикасының
Азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан–желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 3-352 қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Комиссия төрағасы:
 


Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы
 

Іле ауданы әкімінің орынбасары
 

Комиссия төрағасының орынбасары:
 


Аширбаев Нұрқанат Өксіханұлы
 

"Іле ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;
 

Комиссия мүшелері:
 


Құсайнов Мақсат Болатұлы
 

"Іле аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
 

Әмірбаев Тоқтағали Әмірбайұлы
 

"Іле аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны директорының орынбасары,
медициналық комиссия төрағасы;
 

Комиссия хатшысы:
 


Көмекова Гуля Қасабекқызы
 

"Іле аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі.
 


Іле ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 05 сәуірдегі
"Қазақстан Республикасының
Азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан–желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 3-352 қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі


 

ауылдық
аймақтың
атауы
 

шақыру-
шылар-
дың
саны
 

күнтізбелік кестесі және жасөспірімдердің саны
 

наурыз
 


мамыр
 




30
 

31
 

1
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

11
 

12
 

13
 

14
 

15
 

18
 

19
 

20
 

21
 

22
 

25
 

26
 

27
 

28
 

29
 

2
 

3
 

4
 

1
 

Ақши
 

330
 

























50
 

50
 

2
 

Ащибұлақ
 

876
 




















50
 

50
 






3
 

Байсерке
 

1123
 




50
 

50
 

50
 





















4
 

Боралдай
 

1127
 

50
 

50
 

50
 
























5
 

Жетіген
 

785
 









50
 

50
 

50
 
















6
 

Казцық
 

401
 












50
 

50
 














7
 

Қараой
 

395
 














50
 

50
 












8
 

Междуреченское
 

423
 


















50
 

50
 








9
 

Первомайский
 

352
 
















50
 

50
 










10
 

Чапай
 

249
 







50
 

50
 



















11
 

Энергетик
 

1150
 






















50
 

50
 

50
 




Барлығы
 

1300
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

50
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады