Нысналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін келесідей белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 4-410 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 07 мамырда N 2-11-121 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-1300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 9-1300 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
      бұрын жұмыс істемеген адамдар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      елу жастан үлкен тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Дәуренбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарасай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Жұмағұлов Махмудбек Нүсіпбекұлы
      11 сәуір 2012 жыл
      "Қарасай ауданының жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Жұмағұлов Марат Балабайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады