Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 15 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда 6-6-104 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 09.06.2016 № 236 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Меркі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Б. Рысқұлбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Жұмағұлов

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление Акимата Меркенского района Жамбылской области от 27 января 2012 года № 15. Зарегистрировано Меркенским управлением юстиции 9 февраля 2012 года за № 6-6-104. Утратило силу постановлением Меркенского районного акимата Жамбылской области от 9 июня 2016 года № 236

      Сноска. Утратило силу постановление Меркенского районного акимата Жамбылской области от 09.06.2016 № 236.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с подпунктом 5-2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Меркенского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организациям, учреждениям и предприятиям всех форм собственности Меркенского района установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Рыскулбекова Т.Б.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.
      Аким района С. Жумагулов