2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Шу ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы N 163 қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 шілдеде № 6-11-126 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 315 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Ускумбаева
Дәмеш Чайхықызы
-
Шу ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
Жолдас
Бақытжан Жолдасұлы
-
"Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары (келісімі бойынша);

Комиссия мүшелері:

Сәулебаев
Талғат Бақытұлы
-
"Жамбыл облыстық Ішкі істер департаметінің Шу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Хасенова
Орынхан Боранқұлқызы
-
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Скударнова
Зинаида Ивановна
-
"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

      3. "Жамбыл облысының Ішкі істер департаметі Шу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Ускумбаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі І. Тортаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Б.Жолдас
      31 мамыр 2012 жыл
      "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы Шу аудандық орталық
      ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының
      бас дәрігері
      А.Мұхатаев
      31 мамыр 2012 жыл
      "Жамбыл облысы Ішкі істер Департаменті
      Шу ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е.Иманбаев
      31 мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады