Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 қазанда N 1945 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың ұсынылған орналастырылуы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.О. Жылбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ә. Құсайынов

  Қарағанды облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
"24" қыркүйектегі № 46/01
қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.05.2023 № 29/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/н

Объект атауы

Объекттер мекенжайы

1.

"Умай" сауда орталығы

Қарағанды қаласы,

Әлихан Бөкейхан ауданы,

К.Маркс көшесі, 9 үй

2.

"Корзина" сауда үйі

Қарағанды қаласы,

Әлихан Бөкейхан ауданы,

22 ықшамауданы, 24 үй

3.

"Альфа" дүкені

Приозерск қаласы,

Достық көшесі, 5 үй

4.

"Журихин Александр Сергеевич" жеке кәсіпкерінің үй-жайы

Саран қаласы,

Кужанов көшесі, 2 үй

5.

"Евразия" сауда үйі, 1 қабат

Теміртау қаласы,

Бейбітшілік даңғылы, 104 үй

6.

№10 дүкені

Шахтинск қаласы,

К.Маркс көшесі, 46

7.

"Үміткерім" дүкені

Ақтоғай ауданы,

Ақтоғай ауылы,

Бөкейхан көшесі, 19 үй

8.

"Универмаг" дүкені

Бұқар-Жырау ауданы,

Ботақара кенті,

Бұқар жырау көшесі, 88 үй

9.

Орталық кітапхана жүйесі

Қарқаралы ауданы,

Қарқаралы қаласы,

Бөкейхан көшесі, 41 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады