"2011-2012 жылдарда жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүлік объектілерін бекіту туралы" 2011 жылғы 6 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің N 44/08 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қарашадағы N 59/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда N 2001 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы N 920 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011-2012 жылдарда жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүлік объектілерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы N 44/08 қаулысына (2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 1901 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 142 (21156) "Индустриальная Караганда" және 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 208-209 (21199) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
      3 реттік нөмір келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "

3

"Қарағанды облысының жолаушылар көлігін басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қарағанды қаласы, Молоков көшесі, 112

"Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

51

                                                             ";
      көрсетілген қаулыға 2 қосымшада:
      18 жолда:
      "Объектінің атауы" бағанында:
      "мемлекеттік нөмірі" жолындағы "324" сандары "234" сандарына ауыстырылсын.
      2. "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады