Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 28/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 ақпанда N 2145 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы N 12/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 02.05.2013 N 12/02 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Шингисов

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
N 28/07 қаулысымен бекітілді

"Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері;
      2) уәкілетті орган – "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызметті "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі көрсетеді, мекенжайы: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 39а, телефон 8 (7102) 765670;
      жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама, не қағаз жеткізгіште бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:
      1) аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттардың біреуі болмағанда, құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған кезде;
      2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың жалғандығы негіздемелері бойынша бас тартылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      10. Тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы уәкілетті органға Стандарттың 11 тармағында айқындалған қажетті құжаттармен бірге өтінішті береді;
      2) уәкілетті орган құжаттарды қарастыруды, тіркеуді жүзеге асырады, хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тұтынушының мемлекеттік қызметке тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады:
      1) әлеуметтік жұмыс бойынша маман;
      2) уәкілетті органның бастығы.
      13. ҚФБ іс-әрекеттерінің реттілігі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      14. ҚФБ іс-әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема, осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның бастығы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

"Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек
балаларды материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне
1-қосымша

ҚФБ іс-әрекеттерінің реттілігі

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыстардың ағыны, барысы)

1

Іс-әрекетінің N

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман

Уәкілетті органның бастығы

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман

Уәкілетті органның бастығы

Әлеуметтік жұмыс бойынша маман

3

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты қарау

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты тіркеу

4

Аяқтау нысаны

Құжаттарды қабылдау туралы талон

Қарар

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қою

Құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты беру

5

Орындау мерзімі

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күн

7 жұмыс күн

1 жұмыс күн

15 минуттан аспайды

"Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек
балаларды материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентiне
2-қосымша

ҚФБ іс-әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема

Об утверждении регламента оказания государственной услуги

Постановление акимата города Жезказган Карагандинской области от 24 декабря 2012 года N 28/07. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 1 февраля 2013 года N 2145. Утратило силу постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 2 мая 2013 года N 12/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 02.05.2013 N 12/02 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Жезказган ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Жезказган Аханова Б.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города Жезказган                      Б. Шингисов

Утвержден
постановлением акимата
города Жезказган
от 24 декабря 2012 года N 28/07

Регламент оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"

1. Основные понятия

      1. В настоящем регламенте оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" (далее – Регламент) используются следующие понятия:
      1) потребитель – граждане Республики Казахстан, иностранцы и лица без гражданства, постоянно проживающие на территории Республики Казахстан - родители и иные законные представители детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому;
      2) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Жезказган".

2. Общие положения

      2. Настоящий Регламент разработан в соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах".
      3. Форма оказываемой государственной услуги: частично автоматизированная.
      4. Государственная услуга оказывается на основании стандарта государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" (далее - Стандарт,) утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами".
      5. Государственная услуга оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Жезказган", по адресу: Карагандинская область, город Жезказган, бульвар Ғарышкерлер, 39а, телефон 8 (7102) 765670;
      график работы: ежедневно с 9.00 часов до 18.00 часов, с обеденным перерывом с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней.
      Прием осуществляется в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      6. Результатом оказываемой государственной услуги, которую получит заявитель, является уведомление об оформлении документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги на бумажном носителе.
      7. Государственная услуга предоставляется бесплатно.

3. Требования к порядку оказания государственной услуги

      8. Сроки оказания государственной услуги:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента сдачи потребителем необходимых документов, определенных в пункте 11 Стандарта - в течение десяти рабочих дней;
      2) максимально допустимое время ожидания до получения государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения потребителя, зависит от количества человек в очереди из расчета 15 минут на обслуживание одного потребителя;
      3) максимально допустимое время обслуживания потребителя государственной услугой, оказываемой на месте в день обращения - не более 15 минут.
      9. В предоставлении государственной услуги отказывается по следующим основаниям:
      1) отсутствие одного из требуемых документов для предоставления данной государственной услуги, при выявлении ошибок в оформлении документов;
      2) недостоверность представленных сведений и документов.
      Оснований для приостановления оказания государственной услуги не имеется.
      10. Этапы оказания государственной услуги с момента получения заявления от потребителя государственной услуги для получения государственной услуги и до момента выдачи результата государственной услуги:
      1) потребитель подает заявление вместе с необходимыми документами, определенными в пункте 11 Стандарта, в уполномоченный орган;
      2) уполномоченный орган осуществляет рассмотрение, регистрацию документов, подготавливает уведомление, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги и выдает результат оказания государственной услуги потребителю.

4. Описание порядка действий (взаимодействия) в процессе оказания государственной услуги

      11. Для получения государственной услуги потребитель представляет документы, указанные в пункте 11 Стандарта.
      После сдачи всех необходимых документов в уполномоченном органе потребителю выдается талон с указанием даты регистрации и получения потребителем государственной услуги, фамилии и инициалов лица, принявшего документы.
      12. В процессе оказания государственной услуги задействованы следующие структурно-функциональные единицы (далее – СФЕ):
      1) специалист по социальной работе;
      2) начальник уполномоченного органа.
      13. Последовательность действий СФЕ приведена в приложении 1 к настоящему Регламенту.
      14. Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью действий СФЕ, приведена в приложении 2 к настоящему Регламенту.

5. Ответственность должностных лиц, оказывающих государственные услуги

      15. Ответственным лицом за оказание государственной услуги является начальник уполномоченного органа (далее – должностное лицо).
      Должностное лицо несет ответственность за реализацию оказания государственной услуги в установленные сроки в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1
к регламенту оказания государственной услуги
"Оформление документов для материального
обеспечения детей-инвалидов, обучающихся
и воспитывающихся на дому"

Последовательность действий СФЕ


Действия основного процесса (хода, потока работ)

1

N действия

1

2

3

4

5

2

Наименование СФЕ

Специалист по социальной работе

Начальник уполномоченного органа

Специалист по социальной работе

Начальник уполномоченного органа

Специалист по социальной работе

3

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Прием и регистрации представленных потребителем документов

Рассмотрение представленных потребителем документов

Подготовка уведомления об оформлении документов, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги

Рассмотрение уведомления об оформлении документов, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги

Регистрация уведомления об оформлении документов, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги

4

Форма завершения

Талон о приеме документов

Резолюция

Уведомление об оформлении документов, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги

Подписание уведомления об оформлении документов, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги

Выдача уведомления об оформлении документов, либо мотивированного ответа об отказе в предоставлении государственной услуги

5

Сроки исполнения

не более 15 минут

1 рабочий день

7 рабочих дней

1 рабочий день

не более 15 минут

Приложение 2
к регламенту оказания государственной услуги
"Оформление документов для материального
обеспечения детей-инвалидов, обучающихся
и воспитывающихся на дому"

Схема, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью действий СФЕ