2012 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы N 7/3 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 наурызда N 8-3-135 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі N 29/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 18.07.2013 N 29/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.05.31 N 21/3 (бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін жастар практикасын өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыруға жәрдем көрсетсін;
      2) тізбеге сәйкес кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасын;
      3) жастар практикасын өткізу шараларын қаржыландыруды "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасында "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" 102 бағдарламашасында және "Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдық трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту" 103 бағдарламашасында қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізсін;
      4) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын 2012 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмайтын, бюджетпен белгіленген қаражат шегінде белгілесін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.05.31 N 21/3 (бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 16 ақпандағы
N 7/3 қаулысына
қосымша

Жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыратын Теміртау қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі

т/б N

Ұйымның атауы

Кәсібі (мамандығы)

Талап ететін білім деңгейі

Жоспарланған орын саны

Жастар практикасының жоспарланған ұзақтығы (айлар)

1

Қарағанды облысының Теміртау қалалық соты

заңгер

жоғары

4

6

2

Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаментінің Теміртау аумақтық сот орындаушылар бөлімі

заңгер

жоғары

3

6

3

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

заңгер

жоғары

3

6

4

"Теміртау қаласының перзентханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны

экономист қаржыгер заңгер

жоғары немесе орта кәсіптік

2

6

5

"Бриг Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

техник құрылысшы

орта кәсіптік

1

6

6

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

экономист заңгер

жоғары

2

6

7

"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

қаржыгер заңгер экономист бухгалтер

жоғары немесе орта кәсіптік

3

6

8

"Ботан" жеке мекемесі

тіс дәрігері

орта кәсіптік

3

6

9

Ақтау кентінің кенттік ауруханасы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны

қаржыгер

жоғары немесе орта кәсіптік

1

6

10

"Теміртау жастар клубы" қоғамдық бірлестігі

экономист, заңгер

жоғары немесе орта кәсіптік

3

6


Барлығы:



25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады