Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 4/1 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы N 11/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде N 8-3-137 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі N 29/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 18.07.2013 N 29/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 718-1-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысын орындау мақсатында, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 4/1 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 ақпандағы N 8 "Новый Теміртау" газетінде жарияланған):
      1) қаулының 1 тармағында "Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздерінен кейін "және "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен толықтырылсын;
      2) осы қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      3) қаулының 3 тармағында "104 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету" бағдарламашасында" сөздерінен кейін "және 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
N 11/1 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі

N

Кәсіпорын атауы

Мамандық

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны

Айлық жалақы мөлшері (теңге)

Жұмыстың ұзақтығы (ай)

Республикалық және қалалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін айлық жалақының мөлшері (теңге)

1

"Азия Стил" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

электрмен дәнекерлеуші,

темір бетон және металл құрылымдарын құрастырушы

1

1

52 000

52 000

12

12

алғашқы 6 айда – 26000,

екінші 3 айда – 15600,

соңғы 3 айда - 7800

2

"Магистраль-2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

газбен және электрмен дәнекерлеуші,

қалаушы,

қарауыл,

әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы

1

1

1

1

52 000

52 000

52 000

52 000

12

12

12

12

алғашқы 6 айда – 26000,

екінші 3 айда – 15600,

соңғы 3 айда - 7800

3

"Ескандер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жол жұмысшысы

4

52 000

12

алғашқы 6 айда – 26000,

екінші 3 айда – 15600,

соңғы 3 айда - 7800

4

"Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

бетоншы,

құрастырушы,

сырлаушы-сылақшы,

әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы

1

1

1

1

52 000

52 000

52 000

52 000

6

6

6

6

алғашқы 3 айда – 15600,

екінші 3 айда – 7800

5

"Копылов С.В." жеке кәсіпкері

кеңсе-менеджері,

"В" санатының жүргізушісі

1

1

52 000

52 000

6

6

алғашқы 3 айда – 15600,

екінші 3 айда – 7800

6

"Бриг Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

әр-түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы

10

17439

6

8720

7

"Плохих" жеке кәсіпкер

бармен,

даяршы

2

3

17439

17439

6

8720

8

"Барс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

менеджер

4

17439

6

8720

9

"Восток-1" ПМК

аула сыпырушы,

слесарь-сантехник

2

1

17439

6

8720

10

"Ли" жеке кәсіпкер

бармен,

даяршы

1

2

17439

6

8720

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады