Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының II сессиясының 2012 жылғы 28 наурыздағы N 19 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 сәуірде N 8-5-127 тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.

      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

II сессияның төрағасы

Е. Қуанышев

Қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


  Қаражал қалалық мәслихатының
2012 жылғы 28 наурыздағы
II сессиясының N 19 шешімімен
бекітілген

Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" атты Қаулысына сәйкес дайындалды және Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен берілетін мөлшерін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережеде келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алушы-тұрғын үй көмегі көрсетілетін жеке тұлға;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      5) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      6) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасының атынан өтініш берген тұлға;

      7) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

      9) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.

      10) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.06.2014 N 241 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.03.2013 N 110 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.06.2014 N 241 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалатын айлық шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 6 (алты) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 23.09.2022 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 2-2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. Ереже 2-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      3. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі нормалар бойынша беріледі:

      1) тұрғын үй ауданының нормасы тұрғын үй заңнамасымен бекітілген нормаға эквивалентті, және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын отбасының әр мүшесі үшін 18 шаршы метрді құрайды; бір бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратындар үшін – тұрғын үйдің жалпы ауданы есептеледі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үйлерде) тұратын жалғыз басты азаматтар үшін тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы – 30 шаршы метр;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы:

      газды тұтыну:

      орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда - отбасына бір айға 1 баллон (11 килограмм);

      қатты отынды тұтыну, бір адамға (орталықтандырылған жылудың жоқ екендігі және қатты отынды тұтыну туралы мәліметтердің негізінде):

      тұрғын үйлерде (тұрғын үй ғимараттарында) ауданның 1 шаршы метрін жылыту үшін – 1-2 қабатты үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатты үйлер үшін 98 килограмм көмір (6 айлық жылыту маусымына есептегенде), бірақ жылу маусымына 7 тоннадан артық емес;

      электр энергиясын тұтыну:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан артық емес;

      электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан артық емес;

      3) басқару үлгісіне қарамастан (басқарудың заңды үлгісін ресімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеті) суық суды, канализацияны, қоқыс шығаруды, тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) оның ішінде кондоминиум нысандарының ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаржыны жинақтауға арналған жарнаға кеткен шығындарды тұтыну нормалары қызметтерді жеткізушілермен немесе тарифтерді бекітетін органдармен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін есептеу барысында өткен тоқсанда Қаражал қаласында қалыптасқан көмір мен газдың бағалары статистика жөніндегі органның мәліметтері бойынша ескеріледі.

      4. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығындарына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсу сомасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте тұрғын үй көмегінің механизмі арқылы өтемақы төленуге тиісті.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету және төлеудің тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен ұсынылады және жеке тұлғаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша тағайындалады.

      7. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2012.09.28 N 65 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      8. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2012.09.28 N 65 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға нақты есептелген сомадан артуы тиіс емес.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға нақты есептелген сомасы жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізушілер (қағаз түрінде немесе электрондық тасымалдағышта) және (немесе) жеке тұлғалар (қағаз түрінде) ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.06.2014 N 241 (оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.03.2013 N 110 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.06.2014 N 241 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      12. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тігіледі.

      13. Берілген ақпараттың растығында күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган орта мерзім ішінде ақпаратты сұратуға, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғалардың табысы туралы ақпаратты беруі қажет.

      14. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 26.12.2019 № 342 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      15. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы, уәкілетті орган тағайындағаннан кейін, қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум нысандарын басқару органдарының есеп шоттарына, одан ары тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына аудару арқылы, келесі айдың 15-і күніне дейін іске асырылады.

      16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      17. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 17-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-2. Осы Ереженің 17-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Ереже 17-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 17-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Ереже 17-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 17-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 17-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 17.08.2018 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімі мен кезеңділігі

      18. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген айдан бастап бір жыл мерзімге тағайындалады. Отбасының табысы мен құрамы жөніндегі мәліметтер, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының шығындары туралы мәліметтер тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы он күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиісті.

      Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе асыра көтеріп тағайындауға себеп болған көрінеу жалған мәлімет бергені үшін отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тағайындалған кезеңге тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сома өз еркімен қайтарылады, ал одан бас тартқан жағдайда - сот арқылы.

      20. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер басталған мезгілден бастап қайтадан есептеледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2020 N 446 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегіне құқықты анықтаған кезде отбасында тиісті құжатпен расталатын басқа қалада уақытша тұратын тұлғалар ескерілмейді.

  Қаражал қаласының аз қамтылған
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.03.2013 N 110 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы
өтiнiш

      Мен ___________________________________________________________

      (Т.А.Ә., туған жылы)

      тұрғын үйдiң меншiк иесi (жалға алушысы) болып табылатын, жеке куәлiк

      N _______________, кiммен берiлдi ______________, ЖСН _______________

      Қаражал қаласы ____________________________ тұратын менiң мекен жайым

      бойынша құрамында _____ адам отбасыма коммуналдық және өзге де

      қызметтер төлемдерi бойынша, есептеу құралының құнын төлеуге

      шығындарды өтеу үшiн тұрғын үй көмегiн тағайындауыңызды сұраймын.

N р/с

Өтiнiш берушi отбасының мүшелерi Т.А.Ә.

Туған күнi

Туыстық қатынастары

Әлеуметтiк мәртебесi

1

2

3

4

5


      Өтiнiшке қажеттi құжаттарды ____ данада қоса беремiн.

      Есептiк шоттың N ________________ Банктiң атауы _____________________

      Өзгерiстер болған жағдайда 10 күннiң iшiнде ол туралы хабарлауға мiндеттенемiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 177-бабының 1-тармағына және 325-бабының 3-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершiлiкпен таныстым.

      "____"____________ 20 ____ ж. Өтiнiш иесiнiң қолы ___________________

      Құжаттарды қабылдадым _______________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      ---------------------------------------------------------------------

      кесу сызығы

      Азамат ____________________________________________ тұрғын үй көмегiн

      тағайындау үшiн берiлген өтініші қоса берілген құжаттармен __________

      парақта қабылданды.

      "____" ___________ 20 ____ ж. _______________________________________

      (құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә.)

  Қаражал қаласының аз қамтылған
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне
2-қосымша

      Отбасының тіркелу нөмірі _____________

Отбасының құрамы және тұратын тұрғын үйдің
жалпы ауданының көлемі туралы
МӘЛІМЕТ

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.03.2013 N 110 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

  Қаражал қаласының аз қамтылған
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.03.2013 N 110 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Отбасының тiркелу нөмiрi _________________

20 ___ жылғы _______________ тоқсандағы
өтiнiш берушiнiң отбасысы мүшелерiнiң алған
табыстары туралы
МӘЛIМЕТ

      _____________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)

т/б N

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Табыстардың құжатпен расталған сомасы

Басқа да мәлiмделген табыстар

табыс түрi

сомасы, теңге

табыс түрi

сомасы, теңге






































      Өтiнiш берушiнiң қолы _______________

      Маманның қолы _______________________

      Күнi ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады