Саран қаласында нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 04а/01 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 1 наурызда N 8-7-132 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы N 19/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012.05.31 N 19/01 қаулысымен.

      Халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтардың еңбек ақысына жұмыс берушінің өтемақы шығындарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру, нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі бекітілсін.
      2. 50 жастан асқан әйелдерді жұмысқа орналастыруды әлеуметтік қорғау мақсатында халықтың нысаналы топтары құрамына осы санаттағы азаматтар қосымша енгізілсін.
      3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) және "Саран қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес Жұмыспен қамту бөлімінде, Жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін қаланың кәсіпорындарымен бірлесіп әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      4. Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 70 "2010 жылы нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-104 болып тіркелген, қалалық "Саран газеті" N 3 (529) газетінде, 2010 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 наурызынан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Саран қаласының әкімі                      В. Иванов

Саран қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 ақпандағы
N 04а/01 қаулысына қосымша

Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер тізімі

N

Ұйымның атауы

Кәсібі (мамандығы)

Жұмыс орындарының саны (адам)

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Жұмыс мерзімі (ай)

Компенсация мөлшері, теңге

1

Саран қаласы әкімдігі Саран қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Саранкоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

5

52 000

6

26 000

2

"Абаттандыру" Жаупкершілігі шектеулі серіктестігі

Автогрейдер жүргізушісі

1

52 000

6

26 000

3

""РУ - ТА" Өнеркәсіптік коммерциялық фирмасы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жабыншы

4

52 000

10

26 000, 6 ай

15 600, 3 ай

7 800, 1 ай

4

"Карат" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Темір шебері- жинақтаушы

5

52 000

10

26 000, 6 ай

5

"Загвоздкин и К" Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Журихина

Темір шебері

1

52 000

10

26 000, 6 ай

15 600, 3 ай

4

"Карат" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Темір шебері- жинақтаушы

5

52 000

10

26 000, 6 ай

15 600, 3 ай

7 800, 1 ай

5

"Загвоздкин и К" Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Журихина

Темір шебері

1

52 000

10

26 000, 6 ай

15 600, 3 ай

7 800, 1 ай

Газэлектрдәнекерлеуші

1

52 000

10

26 000, 6 ай

15 600, 3 ай

7 800, 1 ай


Барлығы


22




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады