Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 676 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 4 сессиясының 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 53 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 мамырда N 8-7-135 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулыларына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 29 желтоқсанда N 8-7-129 болып тіркелген, "Саран газеті" газетінде 2011 жылы 30 желтоқсанда N 53 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесінде:

      1) 1 тармақтың 3) тармақшасын жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;";

      2) 1 тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 1 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      4) 1 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;";

      5) 1 тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.";

      6) 2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) төлемдер үшін:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі;

      4) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.

      Аз қамтылған отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған айырмасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі, қызметтерді көрсетушілердің ұсынған есептері бойынша көрсетіледі.";

      7) 3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрақты тұратын, тұрғын үйді пайдаланушылар (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын жайды) ұстау шығындары, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға жалдау төлемі үстеме ақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы шегінде, бірақ нақты алған жалпы алаңнан, тұрғын үйді (тұрғын жайды) ұстау шығындарынан аспайтын, коммуналдық қызметтерді тұтыну жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға жалдау ақысын, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) беріледі.

      Шектеулі жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысында он пайыз мөлшерде белгіленеді. Шектеулі шығындар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету өлшемі болып табылады.";

      8) 4 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5) тұрғын үйді (тұрғын жайды) ұстауға шығын нормалары, қоқысты жою, басқару формасы қандай болса да (пәтер иелері кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және заңды басқару формасын рәсімдеушілер), тарифті бекіткен орган немесе қызметті ұсынушылардың бекіткен тарифтері негізінде тағайындалады;";

      9) 5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Тұрғын үйді (тұрғын жайды) ұстау төлемдері, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға жалдау төлемі белгіленген мөлшерден жоғары, жалпы негізде жүргізіледі.";

      10) 8 тармақ алып тасталсын;

      11) 18 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне тұрған жері бойынша өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Құжаттарды салыстыру үшін бірінші көшірмелері түрінде, кейін түпнұсқада беріледі. Бір жұмыс күні ішінде құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі, ал көшірмелері жеке іс парағына тіркеледі.";

      12) 22 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "22. Коммуналдық қызметтер бойынша тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтерді көрсететіндер есептелген төлемдерді тұрғын үй көмегін тағайындау мерзімі ішінде қағаз немесе электронды түрде жібереді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға және азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Д. Ахмадуллин

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады