Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы N 21/16 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда N 8-7-138 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 22/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 28.04.2014 № 22/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсанда алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға Әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) Әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) Әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012.08.23 N 31/02 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.О. Тұңғышбаева) Әлеуметтік көмекті тағайындауды және төленуді қамтамасыз етсін.
      5. "Саран қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Б. Малшыбекова) жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаты шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес Әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Саран қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Кожухов

Об оказании дополнительной социальной помощи

Постановление акимата города Сарани Карагандинской области от 14 июня 2012 года N 21/16. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сарани Карагандинской области 26 июня 2012 года N 8-7-138. Утратило силу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 28 апреля 2014 года № 22/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сарани Карагандинской области от 28.04.2014 № 22/01.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Сарани ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказывать дополнительную социальную помощь лицам, имеющим право на материальное обеспечение детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому (далее - Социальная помощь) с 1 марта 2012 года.
      2. Предоставлять Социальную помощь в размере шести месячных расчетных показателей в квартал на каждого ребенка-инвалида.
      3. Установить следующие условия:
      1) Социальная помощь на детей-инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении, и детей-инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому, независимо от дохода семьи;
      2) Социальная помощь предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Карагандинской области";
      3) выплата Социальной помощи производится за истекший месяц по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение выплаты Социальной помощи (достижение ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      4. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Сарани" (Тунгушбаева К.О.) обеспечить назначение и выплату Социальной помощи.
      5. Государственному учреждению "Отдел финансов города Сарани" (Малшибекова Р.Б.) разрешить вопрос по финансированию Социальной помощи в соответствии с планами финансирования по обязательствам и платежам в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сарани Бедельбаеву Г.С.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 марта 2012 года.

      Исполняющий обязанности
      акима города Сарани                        М. Кожухов