Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 наурызда N 8-12-125 тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс


II сессиясының төрағасы

З. Аманов

Аудандық мәслихат хатшысы

Д. Жұмасейітов

КЕЛІСІЛДІ:


"Жаңаарқа ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ш. Ибраева


      2012 жылғы 25 ақпан

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2012 жылғы 25 ақпандағы N 2/17
шешімімен бекiтiлген

Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27.03.2020 N 51/357 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;;

      2) кондоминиум – ғимараттар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (өзіндік) меншігінде бола тұра, жалпы мүлік оларға жалпы үлестік меншік құқығында ғана тиесілі болатын, жылжымайтын мүлікке ерекше меншік нысаны;

      3) коммуналдық қызметтер – сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, газбен қамтамасыз етуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс жоюды, және лифтке қызмет көрсетуді қоса алғанда (соның ішінде қатты отынды тұтыну) тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) көрсетілген қызметтер;

      4) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгертілулеріне байланысы жоқ нақты және сапалық тозуын жою бойынша, қажеттілігі бойынша сындарлы элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерінің ауыстырылуымен, құрылыстық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені;

      6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      7) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда аз қамтылған отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға (әрі қарай - өтініш беруші);

      9) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      10) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      11) уәкілетті орган – "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);

      12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      13) шот – өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште немесе қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште ұсынатын кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын үй – жайды) жалдауға, байланыс қызметтеріне, қатты отын алуға ақы төлеу құжаты.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.09.2018 № 33/237 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2020 N 51/357 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына ақы төлеу аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін айқындау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      бір адамға көлемді газ:

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар), нақты шығындар бойынша, орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етудің бар немесе жоқ болуына қарамастан, айына 8 килограмнан аспауы тиіс;

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограммнан аспауы тиіс);

      қатты отынды пайдалану:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 1 шаршы метр алаңды жылытуға (жылыту маусымын есепке алғанда) 98 килограмм көмір;

      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Жаңаарқа ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан аспауы керек;

      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.

      5. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.

      8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012.08.20 N 8/52 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VІІІ сессиясының 2012.08.20 N 8/52 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге, бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, бір адамға тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.

      11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.

      12. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.

      13. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.

      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 27.03.2020 N 51/357 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.

      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органдарға хабарлау қажет.

5-тарау. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" №2314 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-4. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-5. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18-6. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 18-7-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.09.2018 № 33/237 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 18-8-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 25.09.2018 № 33/237 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      20. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың растығына (мәліметтерге) күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі өтініш берушінің жеке ісіне тіркеледі.
      Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган өтініш берушінің жеке ісін қалыптастырады.
      Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратуға құқылы.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен жергілікті уәкілетті орган белгілеген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.

      23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.

6-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 18.02.2021 N 2/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі келесі құжаттарын ұсынуы тиіс, салық төлеушінің тіркеу нөмірі әлеуметтік жеке код, екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш

      Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алуға (жалға беруге), сондай-ақ телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру үшін жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.

      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.

      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.

      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің деректері:

      Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________

      Жеке куәлік деректері _______________________________________________

      (өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)

      СТН _____________________________________

      ӘЖК _____________________________________

      Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері _____________________________________

      Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.

      Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі

      _____ үй ___________ пәтер телефон ______________________

      тиістілік _______________________ түрі ___________________

      (пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)

      Жалпы ауданы ______шаршы метр.

      Қосымша аудан _____ шаршы метр.

      Бөлме саны ________

      Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _________________

      Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.

      Меншігімде бір тұрғын үй бар.

      Өтініш берушінің қолы__________________

      Күні __________________________________

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама

      Ескерту. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама

      Ескерту. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Жаңаарқа ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

20___ жылғы ____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары анықтама

      Ескерту. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/19 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады