Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі N 09/03 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 мамырда N 8-14-172 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы N 06/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 20.02.2013 N 06/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нұра ауданы бойынша барлық нысан меншігіндегі мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санынан 0,5 пайыз көлемінде интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнәр Такуқызы) квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Қанатұлы Аймағамбетовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 17 апреля 2012 года N 09/03. Зарегистрировано Управлением юстиции Нуринского района Карагандинской области 17 мая 2012 года N 8-14-172. Утратило силу постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 20 февраля 2013 года N 06/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 20.02.2013 N 06/01 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере 0,5 процента от общей численности рабочих мест на предприятиях, в организациях и учреждениях всех форм собственности по Нуринскому району.
      2. Отделу занятости и социальных программ Нуринского района (Жупенова Гульнар Такуевна) обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Аймагамбетова Асхата Канатовича.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Бексултанов К.