"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 30/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2103 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы N 16/05 қаулысымен. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы N 16/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 20.06.2013 N 16/05 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді сапалы ұсыну мақсатында, Ұлытау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Берік Базылұлы Ақышбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Оспанов

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы
N 30/03 қаулысымен
бекітілген

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет алушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар;
      2) уәкілетті орган - "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. "Адамдарға жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету өзіне:
      1) "Адамдарға жастар тәжірибесіне жолдама беруді";
      2) "Адамдарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беруді";
      3) "Адамдарға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді";
      4) "Жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді";
      5) "Адамдарға кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама беруді";
      6) "Адамдарға кәсіптік бағдарлауда тегін қызмет көрсетуді" қамтиды.
      3. "Адамдарға жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру мақсатында уәкілетті органмен жүзеге асырылатын рәсім.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органмен ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 8-тармақшасының, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысының, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      7. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызмет алушы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға қағаз жеткізгіште жолдама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      Көрсетілетін "Адамдарға кәсіптік бағдарлауда тегін қызмет көрсету" мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға ол орналасуы мүмкін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі туралы ауызша ақпарат беру (консультация беру) болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне
қойылатын талаптар

      8. Уәкілетті органның мекенжайы: 101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі 23, телефон: 8(71035) 21207; факс: 8(71035) 21212; электрондық пошта мекенжайы: ulytau_sobes@mail.ru.
      Жұмыс кестесі: демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның http://www.ulytau-akimat.kz интернет-ресурсында, стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы Регламенттің 13-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
      11. Мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда уәкілетті орган жұмыссыздарға жолдама беруден бас тартады ("Жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді" және "Адамдарға кәсіптік бағдарлауда тегін қызмет көрсетуді" қоспағанда).
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      12. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш алынған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органның маманына барлық қажетті құжаттармен өтініш береді;
      2) мемлекеттік қызмет алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәлік (паспорт);
      2) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      3) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) кәсіптік біліктілігін куәландыратын құжат (болған жағдайда), ал алғаш жұмыс іздеген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ адам үшін - білімі туралы құжат.
      Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бұған қоса, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлік.
      Оралмандар оралман куәлігін ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      15. ҚФБ және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысының схемасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапты болады.

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәремдесудің белсенді нысандарына
қатысуға жолдама беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша

1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Іс-әрекет N (жұмыстар ағыны, барысы)

1

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы ҚФБ 1

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операция)

Қажетті құжаттарды қабылдау. Жұмыссыз ретінде тіркеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешімі)

Компьютерлік деректер қорына дербес есеп карточкасын толтыру

Орындалу мерзімі

15 минутқа дейін

Іс-әрекеттің N (жұмыстардың барыстары, ағындары)

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы ҚФБ 1

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операция)

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға берілген жолдаманы тіркеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешімі)

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру

Орындау мерзімі

15 минутқа дейін

"Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәремдесудің белсенді нысандарына
қатысуға жолдама беру" мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

Өзара байланысты көрсететін схемасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады