Шет ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 ақпандағы N 02/01 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызда N 8-17-131 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2013 жылғы 31 шілдедегі N 8-2/820 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 31.07.2013 N 8-2/820 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2012.06.04 N 14/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Б. Бекенов), "Шет ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (Б. Исабеков):
      1) Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде жұмыссыз ретiнде тiркелген, әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жiберу бойынша жұмыс жүргiзсiн;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушiлермен келiсiм шарт жасау туралы жұмыс жүргiзсiн;
      3) әлеуметтiк жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиiмдiлiгiн бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргiзсiн;
      4) әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингiн жүргiзсiн.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындарға орналыстырған азаматтарға ақы төлеуiн келесi мөлшерде жүргiзілсiн:
      1) алғашқы алты айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 50 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 50 пайыздан аз емес мөлшерiнде;
      2) келесi үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 30 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 70 пайыздан аз емес мөлшерiнде;
      3) соңғы үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 15 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 85 пайыздан аз емес мөлшерiнде.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Қауымбаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкiмi                        Р. Әбдікеров

Шет ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 23 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша

Әлеуметтiк жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсiпорындары және мекемелерiнiң тiзiмi

Реттік N

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер

Кәсіп (мамандық)

Жоспарланатын жұмыс орындарының саны

Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай)

Айлық еңбекақы мөлшері, теңге

Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге

1

"Караганда ПутьСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

бас есепші

1

10 ай

52 000

26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай

оператор

1

10 ай

52 000

2

"Дарын" шаруа қожалығы

жүргізуші

2

10 ай

52 000

26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай

механизатор

1

10 ай

52 000

3

"Қайрақты" шаруа қожалығы

трактор жүргізуші

2

10 ай

52 000

26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай

малшы

2

10 ай

52 000

механизатор

1

10 ай

52 000

4

"Шет аудандық әкімдігінің "Қызмет-А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

жинаушы

1

8 ай

52 000

26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай

аула сыпырушы

1

8 ай

52 000

күзетші

1

7 ай

52 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады