2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 1/1 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 қаңтарда N 8-4-265 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 ақпандағы N 04/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 08.02.2013 N 04/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне" сәйкес Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Приозерск қаласы кәсiпорындарының, ұйымдарының, мекемелерiнiң тiзбесi, жұмыс түрлерi мен көлемi, қаржыландыру көзi мен қатысу мерзiмi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Азаматтардың еңбекақы мөлшері келесідей бекітілсін:
      1) "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардан басқа, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендерге айына бір ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
      2) "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қоғамдық жұмыстарға жіберілгендерге айына бір жарым ең төменгі еңбекақы мөлшерінде.
      3. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Битин Б.Е.) жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстардың орындалуының нақты жағдайларын көрсетіп, үлгiлiк шарттар жасасын.
      4. Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 5/15 "2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылғы 16 наурызда N 8-4-225 тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы "Приозерский вестник" N 6 (215) газетінде жарияланған) және 2011 жылғы 17 тамыздағы N 28/1 "Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 5/15 "2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылғы 7 қыркүйектегі N 8-4-240 тіркелген, 2011 жылғы 9 қыркүйектегі "Приозерский вестник" N 17(226) газетінде жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Приозерск қаласының әкiмi                  Е. Өтешев

Приозерск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
N 1/1 қаулысына қосымша

2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Приозерск қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі

N р/с

Мекемелердің атаулары

Жұмыстың түрлері

Қаржыландыру көзі

Жұмыс көлемі, теңге

Қатысу мерзімі, ай

1

2

3

4

5

6

1

"Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

348780

2

2

"Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Қаланы көркейту, санитарлық тазарту және көгалдандыру

Приозерск қаласының бюджеті

4185360

2

3

"Приозерск қалалық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

4

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалының N 0805 Приозерск қалалық бөлімшесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

139512

2

5

"Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті Приозерск қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Тұрғындармен жұмыс, салық төлеу түбіртектерін және хабарламалар тарату, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

348780

2

6

"Қарағанды облысының Статистика департаментінің Приозерск қалалық Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, интервьюер жұмысы

Приозерск қаласының бюджеті

139512

2

7

"Қарағанды облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

139512

2

8

"Приозерск қаласының N 1 жалпы білім беру қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

9

"Приозерск қаласының N 2 мектеп-балабақша кешені" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

10

"Приозерск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, коммуналдық меншіктегі объектілерді түгендеу

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

11

Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаментінің Приозерск аумақтық сот орындаушылар бөлімі

Атқару инстанцияларына хабарламалар тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

12

"Приозерск қалалық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

13

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, ауылшаруашылық жануарларын санау және тіркеу

Приозерск қаласының бюджеті

139512

2

14

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Приозерск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

15

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Приозерск қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

16

"Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, қаланың әлеуметтiк картасын нақтылау, iргелес аумақты санитарлық тазарту және көркейту

Приозерск қаласының бюджеті

558048

2

17

Қарағанды облысының Приозерск қалалық соты

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату

Приозерск қаласының бюджеті

348780

2

18

Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасының N 2 АХАЖ қызметі

Компьютерлік базамен жұмыс жасау, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау

Приозерск қаласының бюджеті

69756

2

19

"Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

20

"Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

21

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, шақыру қағаздарын тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

22

"Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

23

"Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату, объектілерді түгендеу

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

24

"Приозерск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

25

"Приозерск қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

26

"Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

27

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Приозерск қаласындағы филиалы

Компьютерлік база, курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

28

"Приозерск қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

29

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Айналайын" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

30

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

139512

2

31

Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің "Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Приозерск жер-кадастрлық филиалы

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

174390

2

32

"Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

279024

2

33

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өнер және спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2

34

Приозерск қаласының Прокуратурасы

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

348780

2

35

Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

69756

2

36

"Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі

Курьерлік жұмыс, құжаттарды өңдеу, көбейту және тарату

Приозерск қаласының бюджеті

209268

2


Барлығы:



11823642


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады