"Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 мамырдағы N 3608 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 07 маусымда N 10-1-213 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 17 сәуірдегі 10-1-208 нөмірімен тіркелген, қалалық "Кызылорда Таймс" газетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 16 және "Ақмешіт апталығы" газетінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 17 шығарылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 49000 (қырық тоғыз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 15 маусымына дейін берілсін".
      аталған қаулының 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы А.Алдажаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                                   М. ЖАЙЫМБЕТОВ

О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи"

Постановление акимата города Кызылорды Кызылординской области от 17 мая 2012 года N 3608. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 07 июня 2012 года за N 10-1-213. Утратило силу - Постановлением акимата города Кызылорды Кызылординской области от 23 ноября 2012 года N 4929

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата города Кызылорды Кызылординской области от 23.11.2012 N 4929.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и Законом Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" от 24 марта 1998 года, в целях оказания единовременной материальной помощи, акимат города Кызылорда ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 17 апреля 2012 года N 10-1-208, опубликовано в газетах "Кызылорда Таймс" N 16 от 20 апреля 2012 года и "Акмешіт апталығы" N 17 от 27 апреля 2012 года) следующие изменения:
      пункт 3 настоящего постановления изложить в новой редакции:
      "3. Предоставить единовременную материальную помощь лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 49000 (сорок девять тысяч) тенге до 15 июня 2012 года".
      пункт 4 настоящего постановления признать утратившим силу.
      2. Государственному учреждению "Городской отдел занятости и социальных программ" (А.Алдажаров) принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Ж.Шынтасова.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

       АКИМ ГОРОДА                                  М. ЖАЙЫМБЕТОВ