"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы N 158 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 11 мамырда N 10-4-175 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013.01.08 N 3 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру
туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 121 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 6 сәуірде 10-4-171 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Тұран Қазалы" газетінің N 29 (826) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазалы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы
әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                                      М. ИМАНДОСОВ

      КЕЛІСІЛДІ
      Қызылорда облысының
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қазалы аудандық емханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      Қ. Әзіров ______________

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қызылорда облысы
      Қазалы ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Б. Шаймерденов ______________

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қызылорда облысының
      Ішкі істер Департаменті
      Қазалы ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндетін атқарушы
      А. Бегалиев ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады