2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы N 79 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 11 сәуірде N 10-5-178 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 333 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 03.01.2013 N 333 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-ІV Заңының 27 бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан - желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын iске асыру туралы" N 326 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.05.10 N 149 қаулысымен.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.10.30 N 273 қаулысымен.
      3. Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі осы қаулының N 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Б.Нысанбаев, келісімі бойынша):
      1) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге ықпал ету;
      2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен және медициналық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қызылорда Облыстық Ішкі Істер Департаментінің Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Нәбиев, келісімі бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
      7. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қармақшы ауданының әкімі                   М. Ергешбаев

      Келісілді
      "Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының Қармақшы
      аудандық емханасы шаруашылық
      жүргізу құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорны" бастығы
      Б.Нысанбаев ___________________
      2012 жыл ______________________

      Келісілді
      "Қызылорда облысы Қармақшы
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      Н.Бердібеков _____________________
      2012 жыл _________________________

      Келісілді
      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      Істер Министрлігі Қызылорда
      Облыстық Ішкі Істер Департаментінің
      Қармақшы аудандық Ішкі Істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      Ж. Құлымбетов________________
      2012 жыл ____________________

      2012 жылғы "28" наурыздағы
      Қармақшы ауданы әкімдігінің
      N 79 қаулысына N 1 қосымша

       Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

       Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.10.30 N 273 қаулысымен.

Комиссия төрағасы

-

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;

Комиссия төрағасының орынбасары

-

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығы;

Комиссия мүшелері

Комиссия мүшесі

-

"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қызылорда Облыстық Ішкі Істер Департаментінің Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі" бастығының орынбасары, (келісімі бойынша);

Комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрағасы

-

"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" бастығының орынбасары, (келісімі бойынша);

Комиссия хатшысы

-

"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның" мейірбикесі, (келісімі бойынша);

      2012 жылғы "28" наурыздағы
      Қармақшы ауданы әкімдігінің
      N 79 қаулысына N 2 қосымша

       Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 

Комиссияның жұмыс атқаратын күндері,
уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін

"Қызылорда облысы Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

күндері

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15







16







17







18







19







20







21







22







23







24







25







26







27







28







29







30







31







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады