"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 қазандағы N 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 08 маусымдағы N 72 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 29 маусымда N 10-7-157 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсанда N 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.25 N 251 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес, Жаңақорған
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-7-144 нөмірімен 2011 жылдың 27 қазанында тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінінің 2011 жылғы 12 қарашадағы 93 нөмірінде жарияланған) 2011 жылғы 03 қазандағы N 1247 қаулыға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қаулының кіріспе бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес және Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 354 шешімінің негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
      қаулы қосымшасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жаңақорған ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі"
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                  С. Тауипбаев

     "КЕЛІСІЛДІ"
      Жаңақорған аудандық
      мәслихаттың хатшысы
      Нәлібаев Алмасбек Омарұлы
      ___________
      "08" маусым 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады