"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қазандағы N 2091 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 09 қарашада N 4335 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 2223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2013.01.14 N 2223 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998  жылғы 24 наурыздағы Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 1871 (нормативтік құқықтық актілерді кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 10-9-219 санымен тіркелген, "Өскен өңір" газетінде 2012 жылғы 14 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
      2) Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
      3) Қаулының 5-тармағы мынадай редакцияда:
      "5. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (У.Исмаилов, келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруді, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және олардың кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.";
      4) Қаулының 6-тармағы мынадай редакцияда:
      "6. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Мырзабековке жүктелсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Н.Мырзабековке жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           Н. Нәлібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының "Шиелі
      аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      Әмір Нұрлан Әмірұлы ____________
      "30" қазан 2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы Шиелі
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      Нурхожин Даулеткали Ергалиевич _______________
      "30" қазан 2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Исмаилов Уалихан Кенжебаевич _______________
      "30" қазан 2012 жыл 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады