Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 4/46 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 тамызда № 11-1-181 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/383 шешімімен

      Ескертпе. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/383 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескертпе. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( Ы.Көшербай ).
      3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Б.БоранбаевМ. Молдағұлов

  Қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 19 шілдедегі
№ 4/46 шешіміне қосымша

Ақтау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер,
пикеттер, шерулер және демонстрациялар
өткізу орындары

      Ескертпе. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/178.

№ р/р
Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу орындары
1
Төртінші және бесінші шағын аудандар арасында, Тарас Шевченконың ескерткіші артында орналасқан саябағы
2
Бесінші шағын ауданында орналасқан М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияның акт залы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады