Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 4/29 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 тамызда № 11-5-134 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 тамыздағы № 4/41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 03.08.2016 № 4/41 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2.Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай, келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т.Абдулаева
      Аудандық Мәслихат
      Хатшысы Т.Қылаңов

      

  2012 жылғы 10 шілдедегі № 4/29
Маңғыстау аудандық мәслихатың
шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар

қ/с

Елді мекендер атауы
Өткізетін орындар
1
Шетпе селосы
Орталық саябақ алдындағы стадион алаңы
2
Өтес селосы
Өтес селолық Мешіт ғимараты алдындағы алаң
3
Жармыш селосы
Жармыш селолық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң
4
Ақтөбе селосы
Ақтөбе селолық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң
5
Онды селосы
Онды селосы почта байланыс бөлімшесі ғимараты алдындағы алаң
6
Жыңғылды селосы
Жыңғылды селосы әкімі аппараты ғимараты алдындағы орталық алаң
7
Отпан селолық округі
"Тұщыбек" дүкенінің алдындағы алаң
8
Шебір селолық округі
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған саябақтың алдындағы алаң
9
Шайыр селосы
Шайыр селосындағы орталық саябақтағы алаң
10
Тұщықұдық селосы
Тұщықұдық селолық мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң
11
Қызан селосы
Қызан селолық мәдениет үйі мен село әкімі аппараты ғимараттарының аралығындағы алаң
12
Ақшымырау селосы
Ақшымырау селолық клубы ғимараты алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады