Басқұдық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 123 "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы ауданының әкімдігі Басқұдық селолық округі әкімдігі аппаратының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 336 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 қаңтарда N 2188 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572 - XII Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және 2012 жылғы 3 тамыздағы N 18 азаматтар конференциясының хаттамаларының негізінде Басқұдық селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Басқұдық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 123 "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 11-7-54 болып енгізілген, 2009 жылғы 10 шілдедегі "Мұнайлы" газетінің N 27 (83) санында жарияланған) 12-қосымшаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Басқұдық селолық округіндегі "Болашақ" елді мекені - "Болашақ" тұрғын үй массиві, "Маржан" елді мекені - "Маржан" тұрғын үй массиві, "Рахат" елді мекені - "Рахат" тұрғын үй массиві және "Басқұдық" елді мекені - "Басқұдық" тұрғын үй массиві болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары М. Жұмабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі                           Н. Қаржаубаев
 
 

О внесении изменений в решение акима сельского округа Баскудык N 123 от 1 июня 2009 года "О наименовании и переименовании составных частей, улиц, относящихся в ведение административно-территориального устройства сельского округа Баскудык"

Решение аппарат акима сельского округа Баскудык Мунайлинского района от 21 декабря 2012 года N 336. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 03 января 2013 года N 2188

      Примечание РЦПИ!
      Решение от 01.06.2009 N 123 на русском языке в РЦПИ не поступало!

      
      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года N 2572-ХII "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и на основании протокола конференции граждан от 3 августа 2012 года N 18 аким сельского округа Баскудык РЕШИЛ:
      1. В приложении 1, 2 решения акима сельского округа Баскудык  N 123 от 01 июня 2009 года "О наименовании составных частей, улиц, относящихся в ведение административно-территориального устройства сельского округа Баскудык" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 11-7-54, опубликовано в газете "Мунайлы" от 10 июля 2009 года N 27(83) внести следующие изменения:
      Переименовать населенный пункт "Болашак" – в жилой массив "Болашак", населенный пункт "Маржан" – в жилой массив "Маржан", населенный пункт "Рахат" – в жилой массив "Рахат" и населенный пункт "Баскудык" – в жилой массив "Баскудык" сельского округа Баскудык.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима сельского округа Жумабаева М.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа                          Н. Каржаубаев