Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) темір жол жолаушылар қатынастарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 62 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 тамызда № 3825 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) темір жол жолаушылар қатынастарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Р. Бектұрғанова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Б. Нақанов

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      _______________ Г. Кисленкова

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін
      атқарушы
      _______________ Қ. Жүсіпов

Мәслихаттың        
2012 жылғы 19 шілдедегі  
№ 62 шешімімен бекітілген 

Қостанай облысының әлеуметтік мәні бар
ауданаралық (қалааралық облысішілік) темір жол
жолаушылар қатынастарының тізбесі

Қатынас

1

Қостанай-Жітіқара-Қостанай

2

Тобыл-Қарталы-Тобыл (Тобыл-Ресей Федерациясымен
шекара учаскесі, ұзындығы 104,2 шақырым)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады