Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 97 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 6 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 3949 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Меңдіқара мен Сарыкөл аудандарының аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мынадай елді мекендер таратылсын:
      Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Русское ауылы;
      Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Лютинка ауылы;
      Сарыкөл ауданы Маяк ауылдық округінің Басағаш ауылы;
      Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Еңбек ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Русское ауылы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Первомай ауылының құрамына;
      Лютинка ауылы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қасқат ауылының құрамына;
      Басағаш ауылы Сарыкөл ауданы Маяк ауылдық округінің Маяк ауылының құрамына;
      Еңбек ауылы Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Большие Дубравы ауылының құрамына.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                Сессия төрағасы
      _________ Н. Садуақасов                 ______ А. Байғабелов

                                              Қостанай облыстық
                                              мәслихатының хатшысы
                                              _________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады