Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 81 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде № 9-6-148 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Аманкелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аманкелді ауданының Аманкелді селосының әкімі және ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кезінде "Қостанай облысы Аманкелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) "Қостанай облысы Аманкелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтардың шақыруын өткізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсету;
      2) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аманкелді ауданының әкімі                  С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі Істер Министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      Істер Департаменті
      Аманкелді ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ М. Р. Сыздықов

      "Қостанай облысы Аманкелдi
      ауданының Қорғаныс iстерi
      жөніндегi бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнің бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      ________ С. Ж. Балдаев

      "Аманкелді ауданының
      қаржы бөлімі "мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Ж. Сеилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады