2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 50 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда № 9-10-175 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 678-тармақтарына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың қоса берілген тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері;
      2) қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары: қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен;
      3) қоғамдық жұмыстардың қатысушыларының еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына біржарым айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар аудандық бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      4. "Жітіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулымен бекітілген ұйымдармен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің өтемі кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      5. Қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                   Қ. Испергенов
 

2012 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 50 әкімдік қаулысымен 
бекітілген        

2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Ұйымның атауы Қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемдері

1

"Қазақстан Республикасы
әділет министрлігі
Қостанай облысының әділет
департаменті Жітіқара
ауданының әділет
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін техникалық
жұмыстар жүргізуде
күнделікті көмек көрсету
- 5472 сағат

2

"Жітіқара ауданы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін техникалық
жұмыстар жүргізуде
күнделікті көмек көрсету
- 3648 сағат

3

"Жітіқара ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін техникалық
жұмыстар жүргізуде
күнделікті көмек көрсету
- 7296 сағат

4

"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
комитетінің Қостанай
облысы бойынша салық
департаментінің Жітіқара
ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін техникалық
жұмыстар жүргізуде
күнделікті көмек көрсету
- 7296 сағат

5

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігі сот
актілерін орындау Комитеті
Қостанай облысы бойынша
сот актілерін орындау
Департаменті "Жітіқара
ауданының ауданаралық
аумақтық бөлімі" филиалы

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін техникалық
жұмыстар жүргізуде
күнделікті көмек көрсету
- 7296 сағат

6

"Жітіқара ауданының
Большевик селолық округі
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Тургеновка
селосы аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 5280
сағат

7

"Жітіқара ауданының
Пригородный ауылы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Пригородный
ауылы аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 9920
сағат

8

"Жітіқара ауданының
Шевченковка селосы
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Шевченковка
селосы аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

9

"Жітіқара ауданының
Тоқтаров селолық округі
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Тоқтаров селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

10

"Жітіқара ауданының
Забеловка селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Забеловка селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 6336
сағат

11

"Жітіқара ауданының
Волгоград селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Волгоград селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

12

"Жітіқара ауданының Ырсай
селосы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Ырсай селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 9920
сағат

13

"Жітіқара ауданының
Чайковский ауылы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Чайковский ауылы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

14

"Жітіқара ауданының
Степной селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Степной селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

15

"Жітіқара ауданының
Милютин селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Милютин селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

16

"Жітіқара ауданының
Приречный селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Приречный селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

17

"Жітіқара ауданының
Тимирязев селосы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Тимирязев селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

18

"Жітіқара ауданының
Мүктікөл селолық округі
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Мүктікөл селосы
аумағын жинауда,
абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 4224
сағат

19

"Береке" пәтер иелерінің
тұтыну кооперативі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 5в шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

20

"Надежда" пәтер иелерінің
тұтыну кооперативі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 7 шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

21

"Жастар" пәтер иелерінің
тұтыну кооперативі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 11 шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

22

"Родник" пәтер иелерінің
тұтыну кооперативі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 6 шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

23

"Орион-4" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 4 шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

24

"Байпас" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін 2 шағын ауданы
аумағын абаттандыру мен
көгалдандыруда күнделікті
көмек көрсету - 27360
сағат

25

"Жасыл ел-2008"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Жітіқара
қаласының аумағын
көгалдандыру мен
абаттандыруда күнделікті
көмек көрсету - 424992
сағат

26

Жеке кәсіпкер Руслан
Юрисович Мамедов

Жұмыскердің алдын ала
кәсіби даярлығын талап
етпейтін Жітіқара
қаласының аумағын жинауда
күнделікті көмек көрсету
- 27360 сағат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады